Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тарихымызды тереңнен зерделеген құнды еңбек - АРҚА АЖАРЫ

Тарихымызды тереңнен зерделеген құнды еңбек

Ақмола облыстық Мағжан Жұмабаев атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында облыстық мәдениет саласы қызметкерлерінің қатысуымен

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын талқылау мақсатында алқалы басқосу болып өтті.

Елбасының идеологиялық маңызы зор мақаласына тоқталған Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкеева: – Бүгінгі таңда облысымызда біраз ұжымдарда басқосулар өтіп, мақаланы насихаттау жұмыстары тоқтаусыз жүргізілуде. Мақаланың бір ерекшелігі – мәдени тұрғыда тарихымызды тереңнен зерделейтін ұтымды жобалар ұсынылып отырғаны. Мақалада айтылғандай, ұлттық тарих арқылы өзіміздің тарихымызды, ұлттық сана-сезімімізді, патриотизмді дамытуда біздің алдымызда үлкен жұмыстар күтіп тұр. Жалпы, жеті саны біздің тарихымызда өте киелі сан болып есептелетіні бәрімізге белгілі. Елбасының бүгінгі мақаласы «Ұлы даланың жеті қыры» деп аталуының да өзіндік сыры осында жатыр, – деп жан-жақты мысалдар келтіре отырып, баяндап берді. Әсіресе, «Атқа міну мәдениеті» бөліміндегі «Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді» делінсе, Ұлы даладағы ежелгі металлургия, аң стилі, Алтын адам, Түркі әлемінің бесігі, Ұлы жібек жолы, Қазақстан алма мен қызғалдақтың Отаны, тарихи сананы жаңғырту бағытында «Архив-2025» жеті жылдық бағдарламасы көрініс тапқан. Ұлы даланың ұлы есімдері – Әл-Фараби мен Яссауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге әкелген даламызда ашық аспан астында ескерткіш-мүсіндер қойылатын энциклопедиялық саябақ ашу міндеттері қойылып отыр. Сондай-ақ, мақалада «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейінгі» атты жобасын қолға алу. Осы жоба аясында 2019 жылы Астанада Түркологтардың дүниежүзілік конгресін өткізу мен әртүрлі елдер музейлерінің экспозицияларына ежелгі түркі жәдігерлері қойылатын Түркі халықтарының мәдени күндерін ұйымдастыру керектігі айтылды.
Елбасы мақаласындағы тағы бір басты бағыт – «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашу. Оған озық өнер мен технология үлгілерін яғни, аң стилінде жасалған бұйымдар мен «Алтын адам» жарақтарын, жылқыны қолға үйрету, металлургияны дамыту, сауыт-сайман да-йындау үдерісін көрсететін заттарды, басқа да жәдігерлерді қоюға толық мүмкіндік бар. Сонымен қатар, «Ұлы даланың ұлы өркениеттері» атты жалпыұлттық тарихи реконструкциялар клубын құру арқылы Астана мен Қазақстанның басқа да өңірлерінде ежелгі сақтар мен ғұндар, түркі қағандарының дәуірі туралы фес-тивальдар өткізу жолға қойылып отыр. Әсіресе, ежелгі Отырар қаласының бірқатар нысандарын қалпына келтіретін туристік жоба жүзеге асырылса, ол түптеп келгенде білімді дәріптеуге, туризмді дамытуға үлкен септігін тигізері хақ. Осы арқылы «Дала фольклорының антологиясын» жасау да маңызды.
Бүгінгі таңда халықтардың тарихи таным-түйсігінде кино өнері ерекше орын алады. Сондықтан, тез арада Қазақстанның өркениет тарихының үздіксіз дамуын көрсететін деректі-қойылымдық фильмдердің, телевизиялық сериалдар мен толық метражды көркем картиналардың арнайы циклін өндіріске енгізу алға қойылған басты міндеттердің бірі болып отыр. Осы тұрғыда Ұлы даланың бай мифологиялық және фольклорлық материалдарын пайдалануға мүмкіндік мол. Міне, өзіміз көріп отырғандай, Елбасының бізге ұсынып отырған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының заңды жалғасы.
Алқалы басқосуда облыстық мемлекеттік мұрағаттың қызметкері Талапкер Уәлиев, Көкшетаудағы Мәлік Ғабдуллин музейінің директоры Құдайберлі Мырзабек, облыстық «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов, облыстық «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақыт Смағұл, облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары Алма Құнанбаевалар мақалаға байланысты өз пікірлерін айтып, ризашылықтарын білдіріп, келелі үн қосты.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.
Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар