Халықаралық мәртебеге ие болды

Орталық коммуникациялар қызметінде «Мен – чемпион!» республикалық балалар спорт ойындарының ақтық сайыстарына арналған брифингке қатысқан Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова бұл ойынның биылдан бастап халықаралық мәртебеге ие болғанын атап өтті.

Жарысқа Қазақстанның аймақтары мен Астана және Алматы қалаларынан басқа, Ресей Федерациясы мен Өзбекстан Респуб-ликасынан келген балалар да қатысты.
Ақмола облысы ақтық сайыстарға тектен-тек таңдап алынған жоқ. Балалардың үлкен тобы қатысқан жоба курортты аймақта спорттық туризм мен балалар туризмінің дамуына, курорттың инфрақұрылымының жыл бойы пайдаланылуына игі ықпалын тигізеді,–деп атап өтті Айна Мысырәлімова. Облыс әкімі орынбасарының мәлімдеуінше, Ақмола облыстық әкімдігі негізгі ұйымдастырушылық және қаржылай көмек-қолдау көрсетті. Жарыстың нақ осы Бурабай курорттық аймағында халықаралық мәртебе алғандығы да өте құптарлық. Бұл бір есептен, Ақмола жерінде орналасқан Қазақстанның басты бір курортының үлкен әлеуетін көрсетеді.
Брифингте «Мен – чемпион!» жобасының авторы және бастамашысы Евгений Сазанов балалардың бұқаралық спорттық қозғалысының даму тарихына тоқталды. Қолға алынғалы жарты миллионнан астам қазақстандық оқушылар осы сайыстарға қатысты. Жоба өте қолжетімді. Жарыс-тар қарапайым спорт залдарында өтеді. Оған күнделікті қолданыстағы спорт құралдары жарай береді. Жобаның www.ichempion.kz сайты дене шынықтыру пәнінің оқытушылары үшін әдістемелік көрнекі құрал ретінде пайдаланыла алады.
Балалар спорт ойындарының ақтық кезеңінің құрметті қонағы Сергей Цырульников кешегі қазақ палуандары Қажымұқан Мұңайтпасов пен Балуан Шолақтың даңқты дәстүрлерін жалғастырған әлем рекордшысы. Оның қатысуымен бірнеше конкурстар өтті. «Мен – чемпион!» ойыны балаларға өмірде спортпен достасуларына қолайлы жағдай туғызады. Ақтық сайыстарға дейін жеткен барлық қатысушылар жарыста бірінші орыннан көрінгісі келді. Біздің елімізге осындай жақсыға құштар жастар керек»,–деді өз сөзінде танымал спортшы.
«Мен – чемпион!» ойындарының ақтық сайыстарынан түсірілген телешоуды таяу уақытта «Хабар» телеарнасының эфирінен көрулеріңізге болады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар