Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында шағын және орта бизнес өкілдеріне салықтық жеңілдік жасау мақсатында негізгі қарызды төлеген жағдайда айыппұл өсімдерін алып тастау жөніндегі рақымшылық қарастыру тапсырылған болатын.
Ақмола облысында Елбасы тапсырмасына сай салық төлеміне байланысты рақымшылық шарасына ілінетіндердің саны қазіргі күні 2805 кәсіпкер болып отыр. Салық төлеміне байланысты негізгі соманы төлеген олардан айыппұл өсімі түгел алынып тасталады. Айыппұл өсімі көлемі қазіргі күні 1,6 миллиард теңгені құрайды. Салық қарызының негізгі бөлігін бұл кәсіпкерлер жапқан кезде облыс бюджетіне 3 миллиард теңге қаржы түсетін болады.
Рақымшылық негізінен акциздік өнім өндіретін ірі салық төлеушілерді қамтиды. Осылайша Мемлекет басшысының тапсырмасына орай салық бойынша қарызға батқан бизнес өкілдеріне жұмыстарын таза қағаздан қайта бастауға мүмкіндік берілмек.
Өсім мен қосымша ақыны алып тастауға сондай-ақ, қайта жандандыру және банкроттыққа жататын кәсіпорындар да жатқызылады. Егер осы санаттағы салық төлеушілер аталмыш рақымшылық жеңілдіктерді пайдаланғысы келсе, оған мүмкіндік бар. Ол үшін салық бойынша негізгі қарыз сомасын жедел төлеулері қажет.
Ақмарал МЕЙІРМАНОВА,
Ақмола облыстық мемлекеттік кірістер
департаментінің бөлім жетекшісі.