Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мәңгілік ел тірегі – рухани жаңғыру - АРҚА АЖАРЫ

Мәңгілік ел тірегі – рухани жаңғыру

Ғаламды мойындатқан іспен ірі,
Бүкіл әлем біледі іштен мұны.
Нұр аға ел басына келген күні,
Алланың қазағыма түскен нұры.

Ел үшін аямаған күш-дарынын,
Тастан ұққан тереңін тамырының.
Нұр аға сіз орнатқан « Мәңгілік ел»,
Теңдесіз тәбәрәгі Тәңірімнің!

Нұр аға, ерен ерім, кемеңгерім,
Сіз салған сара жолға сенер елің.
Бар қазақтың жүрегінде атың қалар,
Ғасырдан озық туған кемеңгерім!

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Президенті күніне орай №1 Краснояр орта мектебінде «Елін сүйген Елбасы» атты жоғары сынып оқушыларымен дөңгелек үстелдер, «Біздің Президент» тақырыбында ашық сабақтар, эссе жазу, концерттік бағдарламалар мен мәнерлеп оқу сайыстары, салтанатты сап түзеулер ұйымдастырылды. Бастауыш сынып оқушылары да мерекеге ерекше ынтамен дайындалып, белсене қатысты. Бұл шаралардың мақсаты: Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру, Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу.
Елбасы халыққа арнаған Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жариялаған еді. 21 ғасырдағы «Ұлттық сана» деп аталатын 1-ші тарауда қоғам санасын жаңғыртудың бірнеше бағыты нақты көрсетілген. Ал, 2-ші тарауда мемлекетіміздің таяу жылдарда алда тұрған мақсат, міндеттері туралы айтылған. Сондай-ақ, жаңа жағдайдағы жаңғыру деген ішкі ұмтылыс, біздің дамуымыздың ең басты қағидасы екенін атап көрсеткен еді. Олай болса, «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дегендей, болашағымыз бақытты болу үшін, бүгінгі ұрпақ саналы білім мен тәрбие алуы тиіс. Мектебіміздің директоры Алтынай Мұғжанованың басқаруымен Елбасының Жолдауындағы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жылдық жоспар құрылып, көптеген іс- шаралар ұйымдастырылып, жұмыстар жүргізілуде. Атап айтатын болсақ, мектебімізде «Туған жер» бағдарламасының «Саналы азамат», «Өлкетану», «Отаным тағдырым» бағыттары бойынша оқушылар арасында топ құрылды.
Мектебіміздің мұғалімдері «Жергілікті айтыскер ақын Көкен Шәкеевтің өмір жолы мен мұрасын зерттеу» жобасын алып, ақынның туыстарымен сыр-сұхбат кездесу ұйымдастырды.
Мектеп әкімшілігі биылғы оқу жылындағы қыркүйек айында Бурабайдағы Оқжетпес тауына барып, Абылай хан алаңы, Кенесары үңгірі жайлы мәлімет жинап, альбом жасады. 5-9 сыныптар арасында «Батыр бабам – Қабанбай» мәнерлеп оқу сайысы, «Қабанбай батыр – Абылай ханның құрметіне ие болған батыр» ғылыми-конференция, «Қазақстанның мәңгілік жері – Ұлы Дала Елі» дөңгелек үстел, осы сияқты көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Біздің мақсатымыз айқын. Бұл – әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Ол үшін бүгінгі ұрпақ бәсекеге қабілетті жаңашыл, өз тарихын, салт-дәстүрін, тілін жетік меңгерген болуы керек. Осы орайда, ұстаздар қауымының еңбегі ерекше атап өтуге тұрарлық.

Гүлсара ДОГДАРХАН,
№1 Краснояр орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар