Тәрбиесі мол тағылымды кездесу

«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының коворкинг орталығында белгілі айтыскер ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, қоғам қайраткері, Мәлік Ғабдуллин атындағы музейдің директоры Құдайберлі Мырзабекпен жастардың кездесуі өтті.

Қазақтың рухани дүниесін қозғап, тіл мен дін тақырыбында қоғамға ой салар тың дүниелер айтып жүрген ақынмен кездесуге «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері, партияның аудандық филиалының кеңесшілері қатысып, Елбасының жуырда бұқара халыққа жария еткен «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тағылымдық мақаласы әрбір ұлтжанды қазақтың кеудесінде мақтаныш сезімін ұялатып, рухын асқақтата түсері анық деген пікір білдірді ақын Құдайберлі Мырзабек.
«Мақаладағы бағдарлы жеті тақырып атауларының өзінен-ақ әр оқырманның сана биігінде ұлы даланың жеті кереметі деген айшықты ой да жеті жұлдыздай жана кетеді десем артық айтқан болмас. Біз бұрын кім едік, болашақта қандай болуымыз керек деген сұраққа толық жауап боларлық негіз бар мақалада. Елбасымыз өзінің ел басқарудағы даналығын тағы бір жарқын биікке көтерді. Батыстың мифтік жадында кентавр бейнесінде жатталған бабаларымыздың жылқының жалында танылған батырлық тұрпаты тәуелсіздігіміздің арқасында әлемдік деңгейде дәріптелетін мүмкіншілікке қол жеткізбек», – дейді Құдайберлі Мырзабек жастарға.
Оның айтуына қарағанда, ежелгі өркениеттің жетістігі саналатын темірдің сырын тапқан да, алтынмен апталған салтанатты мәдениетімен адамзатты таңқалдырған да, түркі әлемінің бесігі болған, Ұлы жібек жолы арқылы батыс пен шығысты жалғастырған, алма мен қызғалдақтың отаны Қазақстан екенін ұрпаққа ұлағат еткен Елбасымыз көк тудың құдіреті мен қасиетін ұқтырды.
«Бұл мақаланы әркім оқып шығуы керек. Біз осындай тарихы бар, осындай аманаты бар халықпыз. Өзімізді өзіміз танып біліп, дүние жүзіне ұлы құндылықтарымызды танытуға тиіспіз. Ұлы даланың Елбасы атаған жеті қырын зерттеп, зерделеу арқылы қазақ тілінің шексіз байлығының қайдан шыққанына көз жеткіземіз. Өз басым мақаланы оқып шығып қанаттанып, қуанып отырмын», – дейді ол.
Кездесу соңында «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалы саяси жұмыс бөлімінің жетекшісі Архат Айбабин ақын, қоғам қайраткері Құдайберлі Мырзабекке жергілікті жазушы Ғалихан Ахметовтың «Үкілі Ыбырай» үштомдық кітабын сыйға тартып, тәлімді тәрбиелі сұхбаты үшін зор алғысын білдірді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған Мәлік Ғабдуллин музейі мен Сәкен Жүнісов атындағы №18 орта мектеп-лицейінің бірлесе ұйымдастыруымен «Ұлы даланың Ұлт Көшбасшысы» атты танымдық-тағылымдық кездесу кеші өтті.
Кездесу кешке отставкадағы судья Мейрам Ғибадилов «Президент – Ата Заңның кепілі», музей директоры Құдайберлі Мырзабек «Ұлт Көшбасшысы: Ұлы даланың жеті қыры», «Сәкентану» пәнінің мұғалімі Сандуғаш Советқызы «Жазушы С.Жүнісов: Хан мен Президент» атты тақырыптарда баяндама жасады.
Музей мұрағатында сақталған жазушы Сәкен Жүнісовтің Елбасының алдында ел туралы сөйлеген сөзінің 15 минуттық бейнеролигі көпшілік қауымды ерекше әсерге бөледі. Сондай-ақ, келген қонақтарға «Елбасы тұлғасы – Көкше қаламгерлерінің шығармашылығында» атты көрме таныстырылып, жергілікті қаламгерлердің Елбасы туралы жазған еңбектеріне шолу жасалды. Көрме барысында кеше ғана тұсаукесер рәсімі өткен Жабал Ерғалиевтің «Әлемге! Ғарышқа! Болашаққа жол ашқан тұңғыш» атты жаңа еңбегіне толығырақ тоқталды.
Елбасына арналған кездесу кеш мектеп оқушыларының дайындаған шағын концерттік бағдарламасымен аяқталды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар