2018 жылы атқарылған қызметтің негізгі қорытындылары

Елбасы-Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев басым тәртіппен бюджеттік-қаржы үдерісін бақылау, мемлекеттік қаражатты үнемді және ойластырып пайдалану мәселесін міндет етіп қойды.

2015 жылдың аяғында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметінің ұйымдастырылуы мен өкілеттігін айқындайтын, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаумен байланысты қатынастарды реттейтін және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға бағытталған «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы сыртқы мемлекеттік аудиттің уәкілетті органы бола тұра, бюджет қаражаттарының пайдалануы кезінде заң бұзушылық фактілерін анықтау және олардың алдын алу, мемлекеттік мекемелердің ұсынылатын қаржы есебі мен бухгалтерлік есептің жүргізілу сәйкестілігі, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаржылық-шаруашылық қызметін талдау, сонымен бірге, бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуы бойынша жұмыстарды жүзеге асырады.
Мәселен, Тексеру комиссиясы өткен 2018 жылғы кезеңде 15 аудиторлық іс-шара бойынша қорытынды жасады. Мемлекеттік аудитпен 111 аудит нысаны, жалпы қамту сомасымен 46 769,5 миллион теңге қамтылды. Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижесі бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтардың сомасы – 5 606,1 миллион теңгені құрады, оның ішінде 5 369,1 миллион теңге қалпына келтірілуге, 236,9 миллион теңге өтелуге жатады.
Іс-шаралардың нәтижесі бойынша 736,8 миллион теңге қаржыландыру сомасын азайту, тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету, жұмыстарды орындау арқылы қалпына келтірілсе, 4 026,6 миллион теңге есепке алу бойынша қалпына келтірілді (құжаттарды сәйкес келтіру), ал, 113,1 миллион теңге бюджет кірісіне өтелді.
Барлық аудит нысандарына анықталған бұзушылықтарды және жұмыста бар кемшіліктерді жою бойынша 467 тапсырма мен 134 ұсыныс жолданды.
Қаулылар мен нұсқамаларды орындау жөнінде алынған ақпаратқа сәйкес жіберілген бұзушылықтар үшін тәртіптік жауапкершілікке140 лауазымды адам тартылды, Тексеру комиссиясы толтырған әкімшілік хаттамалардың негізінде Ақмола облыстық соты жалпы сомасы 22,7 миллион теңгенің аудит нысандарының лауазымды адамдарына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы 70 қаулы шығарды.
Құқық қорғау органдарына іс жүргізу шарасын қолдану үшін мемлекеттік аудиттің 31 материалы жолданды. Әкімшілік істерді қозғауға және қарауға уәкілетті органдарға мемлекеттік аудиттің 65 материалы және жолданғанын айта кету керек.
Мемлекеттік органның қызметіндегі маңызды аспектілердің бірі бюджет қаражаттарын пайдалану кезінде заң бұзушылықтарды алдын алу болып табылатындығын назарға ала отырып, Тексеру комиссиясы тұрақты негізде мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары, сонымен бірге, бухгалтерлік қызметтердің жұмысшылары үшін мемлекеттік активтердің, жергілікті бюджет қаражаттарының пайдаланылуын басқару тиімділігін арттыру, сонымен бірге, облыстың аудандарында қаржы тәртібін нығайту мақсатында арнайы семинар-кеңес өткізді. Семинарда бюджет қаражатының пайдалануы кезінде жиі кездесетін бұзушылықтар қаралып, нормативтік-құқықтық актілерді қолдану тетіктері түсіндірілді, сондай-ақ, келіп түскен мәселелерге сұрақтарға жауап берілді.

Нұрлан БЕКЕНОВ,
Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар