Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Архив – ел тарихының шежіресі - АРҚА АЖАРЫ

Архив – ел тарихының шежіресі

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімованың қатысуымен облыстық архивтер мен құжаттамалар басқармасында

«Басқарма және архив мекемелері жұмысының 2018 жылғы қорытындылары туралы» алқа мәжілісі болып өтті.

Онда алдымен, жиынға қатысушылар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты еліміздің ең маңызды оқиғаларды бейнелейтін құжаттар көрмесін тамашалады.
2018 жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп берген облыстық архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы Мәрзият Тохаева жылдың атаулы күндерінен архив қызметінің 95 жылдығы және Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңының қабылданғанына 20 жыл толуына арналған шараларды айрықша атап өтті. Архив мекемелері мемлекеттік архивте сақтауға арналған құжаттарды уақытылы жеткізу туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын тарту көздері болып табылатын ұйымдармен және кәсіпорындармен үлкен жұмыс атқарады. Осы есептік кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік архив құжаттары туралы 120 мақала, «Архивтік куәліктер беру» атты мемлекеттік қызмет туралы 102 мақала жарияланған. Бұл көрсеткіштер 2015 жылмен салыстырғанда екі жарым есеге өскені байқалады. Биылғы жылы Көкшетау қаласы мен Бурабай, Сандықтау, Жарқайың аудандарының архивтері белсенділік танытуда. Осының бәрі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
Жиында облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова архивтер мемлекеттіліктің міндетті атрибуттарының бірі болып табылатынын және Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасының сақталуын қамтамасыз ету бағытында негізгі міндеттерді атқаратынын атап өтті.
– Бүгінгі күні Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында облыстық архив саласында және архив мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту бо-
йынша көптеген жұмыстар атқарылып жатқаны белгілі. Әсіресе, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жұмыстарға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Ұлттық архиві оң бағасын беруде. Оған қоса, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында алға қойған міндеттер архивтердің рөлінің жоғарылауына және маңыздылығына игі ықпал етеді. Ондағы ірі жобалардың бірі – «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын әзірлеу. Сол арқылы архив саласының алдында тұрған маңызды мәселелер көрініс табады, – деді Айна Ермекқызы.
Одан әрі жиын қорытындысы бойынша ұзақ жылғы адал еңбегі, архив ісін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін және «Ұлттық архив қоры мен архивтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылданғанына 20 жыл толуына орай, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің Құрмет грамотасына З.Аманжолова (Астрахан), Л.Золотухина (Бұланды), Г.Исакова (Есіл), Г.Жақыпбекова (Қорғалжын), Көкшетау қаласынан А.Байғандинова мен Н.Сақтағанова сияқты архив қызметкерлері ие болса, архив саласының тағы бір топ қызметкері Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатымен және облыстық архив басқармасы басшысының Алғыс хатымен марапатталды.

Асылай Қадырқызы.
Суреттерді түсірген Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар