Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Аты әлемге танылған тұлға - АРҚА АЖАРЫ

Аты әлемге танылған тұлға

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған елі үшін атқарған қызметі орасан зор. Осының арқасында Қазақстан бұл күнде дамып, өркендеген мемлекеттер қатарына қосылды.

Елбасының күш-жігерімен мемлекетіміз әлемге танылды. Қазақстанның елдігін көрсетті, оны әлемге танытты. Нұрсұлтан Назарбаев талантты тұлға, өз елін, өз жерін сүйетін ұлтжанды азамат. Оның еліне, жеріне деген махаббатын естімеу, көрмеу мүмкін емес. Біз оны Елбасымыздың әрбір ісінен, сөйлеген сөзінен, халыққа арнаған Жолдау-
ларынан аңғарамыз. Ерен еңбектің нәтижесінде еліміз ең үздік елу мемлекеттің қатарына кірді. Елбасы қазақ халқының атын әлемге танытты, Алаш баласының абыройын асқақтатты. Мемлекет басқару – бұл өте қиын іс әрі мәртебелі міндет. Елбасымыз осы істерді атқаруға бар күш-жігерін жұмсауда. Ол жұмыс сапарымен Қазақстанның әр облыс орталықтарына, қала мен аудандарына барып, халықпен кездеседі. Хал-жағдайларын сұрап біледі. Тәуелсіздіктің арқасында еліміз көркейіп, Астанамыз гүлденуде. Барлық өңірлерде әлеуметтік-экономикалық маңызы зор нысандар ашылды. Кеңес заманында болмаған жолдар салынды. Әр салаға шетелдік озық технологиялар енгізілуде.
Біздің елде жүз отыздан астам ұлт өкілдері бір-бірімен тату-тәтті тұрады. Мұның өзін басты байлық деп білген жөн. Мемлекет басшысы ең үздік саясаткер ретінде бүкіл әлем халықтарына әйгілі тұлға. Жастардың болашағы үшін жарқын болашақ есігін айқара ашты. Елімізді өзге де алдыңғы қатарлы мемлекеттерге таныту мақсатында «Болашақ» бағдарламасын жасады. Қазақ жастары білім алсын деген сеніммен өз атындағы мектеп пен жоғары оқу орындарын да ашты. Еліміздің даласы егісті, Ордасы кеңесті. Елбасы елімнің елдігін көрсетіп, ерлігін танытты. Табандылықпен жасалған істің, әрқашанда жүзеге асатынын біле отыра, біз де Елбасымызбен бірге болашақты құру мақсатында жүргізіліп жатқан барлық шараларға өз үлесімізді қосудамыз. Елбасының еңбегін бағалай келе өз алғысымды білдіремін. Мемлекетіміз 27 жылдың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Еліміздің аяғына нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету экономикамыздың жедел қарқынымен дамуы – қазіргі таңдағы стратегиялық бағыттар Елбасымыздың тынымсыз еңбегінің жемісі. Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі.Біз өз болашағымызға сенімдіміз, біз өзіміздің Елбасымызға сенім артамыз! Әлемдегі танымал саясаткерлердің барлығы Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметіне жоғары баға беруде. Оған Татарстан мемлекеті Елбасымызға «ел ағасы» деген атақ беруі дәлел. Мемлекет басшысы тек қана өз елінде бейбітшілікті сақтап қоймай, әлемдік саяси мәселелерді шешуге де белсене атсалысуда. Әлемде бейбітшіліктің салтанат құруына өз үлесін қосып келеді. Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында еліміздің дамуының басты бағыттары белгіленген. 2010 жылғы өткен ОБСЕ саммиті арқылы бүкіл ел қазақ халқының аз уақыт ішінде көптеген белестерді бағындырғанына және бұдан да биік асулардан көрінетініне көзін жеткізді.
2017 жылы халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін өткіздік. Бұл көрменің қазақ жерінде өтуі біз үшін үлкен мәртебе. Еліміздің астанасы Астанада құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.Мұндай үлкен жобалар арқасында шетелдіктер Қазақстанның керемет табиғатының, қонақ жайлылығының, кеңпейілділігінің, тынымсыз еңбегінің куәсі болды.Қазақстанның осындай биіктерден көрінуі, халықты бірлікке, еңбекқорлыққа, татулыққа шақырып отырған Елбасымыздың алға қойған мақсаттарының арқасы. Осы орайда, оның еңбектерін ерекше бағалап, құрметтеймін. Елбасымның қажырлы еңбектерінен үлгі аламын. Өйткені, ол Қазақстан халқының болашағына алаңдап, барлық мүмкіндікті жасап отыр. Н. Ә. Назарбаевты Тұңғыш Президент, тарихта аты қалатын ел ағасы, аты әлемге танылған тұлға деп білемін.
Қазымбек АҚМАҒАМБЕТ,
Есіл ауданындағы «Шыңғысхан» серіктестігінің директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар