Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Абыройлы «Алтын сапа» - АРҚА АЖАРЫ

Абыройлы «Алтын сапа»

Астанадағы Конгресс-орталығында өткен Индустрияландыру күні шеңберіндегі жиында Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Азық-түлік жəне ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кəсіпорын» аталымы бойынша Көкшетау қаласындағы «Көкшетау сүт зауыты» серіктестігіне Елбасының «Алтын сапа» сыйлығын табыс етті.

Биыл «Азық-түлік жəне ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кəсіпорын» аталымы бойынша Елбасының «Алтын сапа» сыйлығын алуға үміткер ретінде 182 кəсіпорын қатысқан болатын. Осылардың үшеуі: «Көкшетау сүт зауыты», Алматы облысындағы «Рыбпром», Алматы қаласындағы «БИЖАН» ет өңдеу кешені» серіктестіктері жеңімпаз деп танылды.
Көкшетау сүт зауытының алпыс жылдан астам тарихы бар. Кәсіпорын өнімнің 40 түрін шығарады. Мұның ішінде құрт, қоспа сияқты ұлттық брендтеріміз де бар. Тәулігіне 4 тоннадан артық өнім өндіретін зауыт Астана, Алматы, Қарағанды, Жезқазған, Қостанай және Көкшетау қалаларының нарығында танымал болып отыр. Сондай-ақ, Көкшетау кәсіпорнының сапалы балмұздақтарына сұраныс жоғары.
– Мемлекеттің кең көлемді қолдауына сүйене отырып, өндірісті әртараптандыру, яғни, кластерлік қадамдарға ден қоюдамыз, – дейді облыстық мәслихаттың депутаты, зауыт директоры Әсен Жақсылықов. – Зеренді ауданындағы Приречное ауылында тауарлы-сүт фермасын құрып, онда 100 бас сауын сиырын ұстаудамыз. Жақын жылдары оның санын екі есе арттырсақ деген ойдамыз. Сондай-ақ, 49 жылға жалға алған 800 гектар жеріміз бар. Мұнда екпе шөптің үш түрі егіледі. Сүрлемдік жүгері өсіру ниетіндеміз. Яғни, жемшөптен тарықпаймыз деген ойдамын. Ұжымдағы 140 адамның барлығы өз ісіне берілген адал жандар.
Иә, «Алтын сапаны» алтын қолды азаматтар жасайды.

Бақберген АмалбекОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар