Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мемлекеттік және қоғамдық қызметте cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін мыналар наградталсын:

«Парасат» орденімен

Елюбаев Сағынтай Зекенұлы – «А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті» ЖМ президенті.

«Құрмет» орденімен

Божко Максим Владимирович – «Шаңырақ» басқарушы компаниясы» ЖШС бақылаушы кеңесінің төрағасы, Ақмола облысының Целиноград ауданы;

Құдайбергенов Арман Ғалымұлы – «Журавлевка-1» ЖШС бас директоры, Ақмола облысының Бұланды ауданы;

Мінайдаров Нұрлан Сәбитұлы – Ақмола облысы «Көпсалалы облыстық аурухана» МКК бөлімшесінің меңгерушісі;

Сәрсембаев Мұрат Жүнісұлы – «Астана-Нан» ЖШС бас директоры, Ақмола облысының Степногорск қаласы;

Тоқсейітова Рәбиға Әлібекқызы – «Макинская птицефабрика» ЖШС мемлекеттік органдармен өзара әрекет ету жөніндегі қызмет директоры, Ақмола облысының Бұланды ауданы.

III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен

Өске Тасқынбай Әбдуәлиұлы – «Костычев атындағы» ЖШС механизаторы, Ақмола облысының Жарқайың ауданы;

Стадницкий Василий Васильевич – «Тыныс» АҚ механожинақтау жұмыстарының слесарі, Көкшетау қаласы;

Уфимцев Олег Викторович – «Викторовское» ЖШС механизаторы, Ақмола облысының Зеренді ауданы.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

Әділбеков Қайрат Ерікұлы – «Жасыбай ХХІ» ЖШС директоры, Ақмола облысының Есіл ауданы;

Бәйкенова Бану Әкремханқызы – «№ 2 Жақсы орта мектебі» КММ мұғалімі, Ақмола облысының Жақсы ауданы;

Бейсенов Өтелбай Төлеуұлы – Бурабай аудандық мәслихатының хатшысы, Ақмола облысы;

Герман Александр Карлович – «Раевка» ЖШС трактор-егіс бригадасының бригадирі, Ақмола облысының Шортанды ауданы;

Коломиец Алина Сергеевн – Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Жоғары спорттық шеберлік мектебі» КММ биатлон спортшысы, Көкшетау қаласы;

Құрманқұлов Алтынбек Бейсембекұлы – «Шуйское-ХХІ» ЖШС директоры, Ақмола облысының Атбасар ауданы;

Любимов Виталий Юрьевич – «Мустанг» ШҚ басшысы, Ақмола облысының Сандықтау ауданы;

Медеубаев Абай Балташұлы – «Агрофирма Жер 888» ЖШС директоры, Ақмола облысының Қорғалжын ауданы;

Оразбаев Нариман Жұмабайұлы – «Алмаз-Grain» ЖШС бас директоры, Ақмола облысының Астрахан ауданы;

Рахымов Мағзұм Әйтенұлы – Ерейментау ауданы әкімдігінің жанындағы «Мал Аман» МКК ветеринар дәрігері, Ақмола облысы;

Седов Григорий Валерьевич – «Агрофирма «TNK» ЖШС бас агрономы, Ақмола облысының Жақсы ауданы;

Тоқаева Сәуле Қайратқызы – «Ақмола облысы әкімінің аппараты» ММ бас инспекторы;

Тохаева Марзият Юсуповна – «Ақмола облысы Архивтер мен құжаттамалар басқармасы» ММ басшысы;

Шамкенов Руслан Жақсылықұлы – «Жаңа өмір KZ» ЖШС бас директоры, Ақмола облысының Аршалы ауданы.

«Шапағат» медалімен

Жәкенов Қанат Маратұлы – «ДАК-құрылыс» ЖШС бас директоры, Ақмола облысының Целиноград ауданы;

Козлов Борис Борисович – «Азия Агрохим» ЖШС директоры, Ақмола облысының Зеренді ауданы;

Хамхоева Лиза Суламбековна – «Аккольские деликатесы» ЖШС директоры, Ақмола облысының Ақкөл ауданы.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен

Қалқатаев Құмарбек Өкенұлы – Ақмола облысы мәдениет басқармасының жанындағы «Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театры» МКҚК әртісі.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен

Бекенова Алма Болатқызы – «Казгородок орта мектебі» КММ директоры, Ақмола облысының Біржан сал ауданы;

Гердт Виктор Александрович – «Жаркуль-2002» ЖШС директоры, Ақмола облысының Атбасар ауданы;

Достенов Қабдұлмүтәлиф Омарұлы – «Қарлығаш» ШҚ басшысы, Ақмола облысының Егіндікөл ауданы;

Иманғалиева Ғалия Ескендірқызы – «Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығы» КММ аспазшысы, Ақмола облысының Бұланды ауданы;

Исабаева Асылжан Көкешқызы – «№ 13 «ЭКОС» экологиялық гимназия – мектебі» КММ мұғалімі, Көкшетау қаласы;

Кривошеева Надежда Владимировна – «ЕПК Степногорск» АҚ бас директорының бірінші орынбасары, Ақмола облысының Степногорск қаласы;

Слабий Юрий Николаевич – «СХП Колутон-04» ЖШС механизаторы, Ақмола облысының Астрахан ауданы;

Таскаева Галина Анатольевна – «Көкшетау Жолдары» ЖШС жоспарлау бөлімінің бастығы, Көкшетау қаласы;

Хамидулин Мұрат Жәнібекұлы – «Қазақалтын» АҚ филиалы директорының орынбасары, Ақмола облысының Шортанды ауданы.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев.

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 5 желтоқсан.
№ 798

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар