Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Біз үшін ұлы мереке - АРҚА АЖАРЫ

Біз үшін ұлы мереке

Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы» Заңды қабылдаған тарихи күні еліміздің әрбір азаматының есінде. Содан бері, мінекей, жиырма жеті жыл өтіпті. Бұл күнді мен еліміздің ең басты мерекесі деп санаймын. Мемлекет басшысы атап өткендей: «Тәуелсіздік – миллиондардың қанатты үміті және орындалған ғасырлық арманы». Расында да, бұл қарапайым мереке емес, бұл ата-бабамыздың арманы орындалған, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн.

Қазіргі таңда Қазақстан экономикасы ырғақты дамып келе жатқан, әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына қосыламыз деген үлкен мақсатты алдына қойып, адамдардың өмір сүру сапасын әлемдік стандарттар деңгейінде қамтамасыз етуге ұмтылып, құқықтық демократиялық қоғам орнатуға бағдар ұстанған тәуелсіз мемлекет болып табылады. Мемлекетіміздің басшысы Н.Ә. Назарбаев шын мәніндегі дана адам, шебер саясаткер, стратег әрі нағыз патриот, еліміздің тұрақтылығы мен өркендеуінің кепілі.
Тәуелсіздік жылдары экономика жүйесі түбегейлі өзгеріп, Қазақстан ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасында шетелдік инвестицияларды тарту бойынша көшбасшы мемлекетке айналды. Біз көптеген жұмыстарды атқардық: тұғыры берік және экономикасы серпінді дамыған мемлекет құрдық, адамдардың өмір деңгейін жақсарттық және жаңа сәулетті елордамыз Астананы салдық, ол қысқа мерзім ішінде қазіргі заманғы мегаполиске айналып, Қазақстанның күш-қуатының нышаны болып отыр.
Сонымен қатар, біз Қазақстан үшін тарихи маңызы бар ЕҚЫҰ Саммиті, ЭКСПО-2017 сияқты халықаралық іс-шараларды өткіздік.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық қазақстандықтарды еліміздің бірден-бір ұлттық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Бұл мереке, шын мәнінде, халқымыздың еркіндігі мен қуатының символы болып табылады. Осындай айтулы күні Сіздерге зор денсаулық, бастарыңызға амандық және тұрақтылық тілеймін!
Елімізде әрдайым бейбітшілік пен келісім болғай!

Жексенбай ДҮЙСЕБАЕВ,
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты,
экономика ғылымдарының кандидаты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар