Ақмола облысы басшылығына алғыс хат

Жуырда көрікті Бурабай баурайында «Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның туберкулезді жоюдағы рөлі» атты республикалық

үлкен ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен көптеген дәрігерлердің басын қосқан бұл маңызды шараны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық ғылыми фтизиопульмонология орталығымен және ЖИТС-ке, туберкулез бен безгекке қарсы күреске арналған Жаһандық қор жобасымен бірге Ақмола облыстық Қ.Қоңыратбаев атындағы туберкулезге қарсы диспансерінің ұйымдастырғандығы біздің дәрігерлердің бұл жұмыста мол тәжірибе жинақтағандығын және оны әріптестерімен бөлісуге әрқашанда әзір екендіктерін айғақтай түседі.

Конференцияға қатысқан Қазақстан Рес-публикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық ғылыми фтизиопульмонология орталығының директоры Мәлік Әденов Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалинге жолдаған хатында былай деп атап көрсетіпті.
«ҚР ҰҒФО Сізге Ақмола облысында «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарының негізінде Жаһандық қордың гранттық келісімінің шеңберінде орындалатын туберкулезге қарсы шараларды іске асыру жұмыстарына қолдау білдіріп, көмек қолын созып келе жатқаныңызға шын жүректен алғыс білдіреді. Облыстың барлық аумағында туберкулезді экспресс-диагностикалаудың молекулярлық-генетикалық әдістерін қолдану, туберкулездің жаңа сұлбалық және амбулаторлық емдеу жолдарын қолдануды кеңейту, 2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылдың тоғыз айында туберкулездің таралуын 18,5 пайызға, одан болатын өлім-жітімді 39,1 пайызға азайту көрсеткіштері көзге айқын көрінеді. Қазақстанның барлық облыстарынан туберкулезге қарсы және алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесінің медициналық қызметкерлері туберкулезге қарсы қызметтерді қайта құру жөніндегі үйлестіру кеңесінде және ғылыми-практикалық конференцияда Сіздің облыстағы туберкулезбен күрестегі инновациялық ұйымдастыру-әдістемелік жұмысының бай тәжірибесін оқып үйренді және талқылаудан өткізді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы және тікелей облыстың туберкулезге қарсы күрес қызметінің мамандары ұйымдастырған аталған шараның бір ерекшелігі, Сіздің облыста туберкулезбен күреске іс жүзінде әр деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын, облыстық ішкі істер департаментін, білім басқармасын, жоғары оқу орындарын, әлеуметтік қолдау органдарын, үкіметтік емес ұйымдарды және тағы басқа да көптеген құрылымдарды нақты тарту болып табылады. Біз нақ осы кең ауқымды көзқарас басқа аймақтар үшін туберкулезге қарсы күрестің нақты мысалы және Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңа мыңжылдықта алға қойып отырған басты бір мақсаты – Қазақстанда және Сіздердің облыстарыңызда туберкулез ауруын болдырмауға қол жеткізудің сенімді бір кепілі болады деген ойдамыз.
Екі күнге созылған конференцияның соңында туберкулезбен күрестің барлық негізгі аспектілерін және оны ведомствоаралық өзара іс-қимыл арқылы іске асырудың жолдарын талқылай келе, оған қатысушылар конференция резолюциясының жобасын талқылады. Жұмыс топтарында туберкулезбен күрес қызметін барлық ұйымдармен және ведомстволармен интеграциялау, оларды туберкулездің алдын алу, анықтау және емдеу шараларына тарту жөніндегі Ақмола облысының тәжірибесін кеңейту көзделуде. Бұл орайда, медициналық-әлеуметтік көмекті арттыру, туберкулезге қатысты кедергілер мен дискриминациялау оқиғаларын азайту, сондай-ақ, міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жағдайларында туберкулезге қатысты қызметтерді реформалау мақсатында үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіби қауымдастықтардың әлеуетін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірленетін болады».
Барлық делегаттарға ғылыми-практикалық конференцияның материалдар жинағы, туберкулезге қарсы шараларды іске асыруда сектораралық өзара іс-қимылды ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік басшылық қағидаттары табыс етілді.
Бүгін конференцияда сөйленген сөздердің неғұрлым тартымдыларын таныстыру мақсатында газет оқырмандарының назарына ұсынып отырмыз.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар