Еңбек адамы ардақталды

Облыс орталығы Көкшетау қаласындағы Застанционный үлгілі кітапханасында еңбек адамының мәртебесін асқақтатқан мәдени іс-шара болып өтті.

Шараның басты мақсаты еңбек адамдарын қоғамға таныту, ақпараттық қолдау жасау, оның қалаған мамандығын танымал ету және насихаттау болып табылады. Елбасының Жолдауында атап көрсетілген педагогтардың мәртебесін көтеру мәселесін қолдай отырып, іс-шарамызға құрметті қонақ ретінде Көкшетау қаласындағы №18 «Мирас» балабақшасының тәрбиешілері Сандуғаш Мадиева мен Айна Есмурзаеваны шақырып, жас оқырмандарға өз мамандығы туралы әңгімелеп берулерін өтіндік. Кездесуге қатысқан Көкшетау қаласындағы №14 орта мектептің 9 сынып оқушылары тақырып бойынша тиімді ақпарат алып, сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты. «Мамандық таңдау – келешекке бастау» тақырыбында арнайы ұсыныс-көрме алаңдары да ұйымдастырылды. Ондағы мақсат кітап арқылы мамандық түрлерімен таныстыру және кәсіптік бағдар беру. Кітап-көрмеге түрлі мамандықтар туралы әдебиеттер қойылды. Осы орайда, оқырмандардың назарын аударып, кітап көрме бойынша әдеби шолу жүргіздік.
Адамға еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға жетелейді, ширатады, шынықтырады. Білімнің іргетасын қалаушылардың жұмыстары жемісті, табыстары мол болсын.
Қарлығайын НӘКЕШОВА,
Застанционный кентіндегі қалалық
үлгілі кітапхананың меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар