Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әлеуметтік орталықтар – аурудың алдын алудың бір жолы - АРҚА АЖАРЫ

Әлеуметтік орталықтар – аурудың алдын алудың бір жолы

Ақмола облысында әлеуметтік көмек көрсетудің, олардың мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізімін анықтаудың белгіленген ережелеріне сәйкес аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдарының шешімдері бойынша туберкулезбен ауыратын сырқаттарға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір мезгілдік әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Бір АЕК 2405 теңгеге тең екенін ескерсек, бұл 36075 теңге. Осы орайда, Степногорск қаласында бұл көмектің бір сырқатқа 25 000 теңге көлемінде көрсетілетіндігін айта кету керек. 2018 жылы облыста туберкулез ауруына шалдыққандарға бір мезгілдік әлеуметтік көмек беру үшін 35,7 миллион теңге қарастырылған. 1 қарашаға дейін 27,5 миллион теңгенің осындай көмегі 791 азаматқа көрсетілді. Өткен 2017 жылы облысымызда 27,6 миллион теңгенің осындай көмегі 836 адамға, ал, 2016 жылы 25,9 миллион теңгенің көмегі 838 адамға көрсетілгендігін айта кетсек артық болмайды. Мұның бәрі сол жылдардың 1 қарашаға дейінгі мәліметі. Әрі ол жылдары бір айлық есептік көрсеткіш 2069 теңгеге және 2121 теңгеге тең болатын.
Көкшетау қаласы бойынша туберкулезге шалдыққан, сол себепті химиятерапиядан өткен мектеп жасындағы балаларға қосымша 25 АЕК мөлшерінде 60125 теңге әлеуметтік көмек көрсетіледі, сондай-ақ, 15 АЕК мөлшерінде азық-түлік жиынтығы беріліп, ем қабылдау кезеңінде алты ай бойы 15 АЕК есебінде қала ішінде жүретін автобустардың жолақысы төленеді. Биылғы жылдың басынан бері азық-түлік жиынтығынан тұратын 1,9 миллион теңгенің әлеуметтік көмегін 70 адам алды. Туберкулез жұқтырған, химия-
терапиядан өткен мектеп жасындағы 18 оқушыға 490,6 мың теңгенің әлеуметтік көмегі көрсетілді. 70 азаматқа жол билеттерін сатып алуларына 2,5 миллион теңгенің көмегі және қарастырылды.
Бұған қоса, Ақмола облысында жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына қарайтын арнайы әлеуметтік көмек көрсететін 10 орталық бар. Оның алтауы жалғызілікті қарт адамдар үшін және бірінші, екінші топтағы мүгедектерге арналып ашылған. Үш орталық психо-неврологиялық сырқаттарға шалдыққан 18 жастан жоғары науқастарды күтімге алумен айналысады. Бір орталық психо-неврологиялық ауытқушылықтары бар балалар үшін жұмыс істейді. Қазіргі уақытта бұл орталықтарда 1279 адам тұрып жатыр. Олардың 814-і психо-неврологиялық аурулармен ауырады. Соның ішінде туберкулезбен ауырғаннан кейін өкпелерінде өзгерістер байқалған 134 адам туралы айтсақ, олардың 85-і Купчановка селосындағы әлеуметтік орталықта, 13-і Первомай селосындағы және 36-ы Жолымбет кентіндегі осындай орталықтарда орналасқан.
Мамандар тазалық және қорғау құралдарымен толық қамтамасыз етілген. Бөлмелерді желдету, кварцтеу және жиі тазалап отыру күнделікті дағдыға айналған. Жыл сайын туберкулезге жоспарлы дәрігерлік тексеріс өткізіліп тұрады. Туберкулезге жол бермеу мақсатында профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды дер мезгілінде, толық ауқымда атқарып отыру қатаң бақылауға алынған. Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін ірі орталықтардың бірі Купчановка селосында орналасқанын айта кеткеніміз жөн. Мұнда 483 адамның ішінен 85 адам бұрын туберкулезге шалдыққан, сөйтіп, өкпелерінде оның іздері қалған. Аталған пациенттер жеке корпусқа жайғастырылған, оларға тамақ жеке беріледі және серуендейтін жерлері де басқа.
Мұндай орталықтарда туберкулез ауруының алдын алу жөнінде мақсаткерлі жұмыстар жүргізіледі. Атап айтқанда, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларына жете көңіл бөлінеді. Тұратын ғимараттары күрделі және ағымдағы жөндеулерден өткізіліп, температура режимі, басқа да осындай жағдайлар қадағаланып отырады.
Екіншіден, ас мәзіріне көп назар аударамыз. Тамақтандыруды ұйымдастыру бекітілген нормалардан ауытқып көрген емес. Атап айтқанда, ас мәзірінде витаминді тағамдардың болуы, сатып алынатын азық-түліктің сапасы қойылатын талаптарға сай келуі, оларды сақтаудың мерзімдерінің өтіп кетпеуі, осының бәрі тиісті бақылауда.
Бұрын туберкулезбен ауырған мұндай жандарға бір керегі, сапалы медициналық қызмет екені түсінікті. Бұл орайда, медперсоналдың тиісті біліктілік деңгейлері мен лицензияларының болуы, мамандардың сертификаттармен қамтылуы басты талаптардың бірі. Медикаменттер мен медициналық жабдықтардың қажетті мөлшері, орталықта тұратындардың және оларға қызмет көрсететін мамандардың флюорографиядан өткізілуі, жыл сайын медициналық кәсіби байқаудан шет қалмауы үнемі назардағы мәселе.
Төртіншіден, дене шынықтыру мен спортқа, салауатты өмір салтын насихаттауға тиісті көңіл бөлінеді. Бұл үшін спорттық шаралар, түрлі спартакиа-
далар өтіп, ондағы контингент «Спейшел олимпикс» сайыстарына қатысады. Көркемөнерпаздар үйірмелерінде өнерлерін ұштайды.
Әрине, бұл орайда, арнаулы әлеуметтік орталықтарда жалғыз бұрын туберкулезге шалдыққан жандарға ғана осындай алабөтен қамқорлық жасалып қоймайды, бұл ретте біз осы қауіпті де жұқпалы сырқаттың әлеуметтік зардаптары көп болған соң, оларға белгілі бір деңгейде басымдық беріп, аурудың қайталанбауына күш салатынымызды айтқымыз келеді. Барлық тұрып жатқандарға да жасалған жағдай жаман емес. Соның ішінде туберкулезге қатысты жоғарыдағы жәйттерді жете ескере түсуіміз, елімізде, соның ішінде өз аймағымызда осы ауру түрінің етек алмауына, жылдан-жылға азаюына қосып отырған үлесіміз деп пайымдаймыз.

Алтын АҚБАРОВА,
Ақмола облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар