«Ақжол» Қазақстан демократиялық партиясы Астана қаласын салуға және Қазақстан Республикасының құрылыс саласын дамытуға қосқан үлесі үшін бірқатар компания басшыларын медальмен марапаттады.
Марапаттау рәсімін партия төрағасы Азат Перуашевтың атынан Ақмола облыстық филиалының төрағасы Бақыт Смағұл жүргізді. Атап айтқанда, «Астананың 20 жылдығы», «Еңбегі үшін» медальдарымен «Сауда Пласт» құрылыс компаниясының бас директоры, Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Ғалымжан Көпішев, «Колорит» құрылыс компаниясының директоры Әділбек Ғабдуллин марапатталды. Сондай-ақ, бұл құрметке өзге де құрылыс компанияларының басшылары Марат Мусин, Мақсат Жақыпов, Дәурен Жарылғасов, Сәкен Боқаев ие болды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.