Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Баспанасы барлар қатары көбейді - АРҚА АЖАРЫ

Баспанасы барлар қатары көбейді

Елбасының өткен жылы жарияланған бес әлеуметтік бастамасында халықтың нағыз көкейкесті мәселелері қозғалғаны белгілі. Осы бастама бойынша Ақмола облысында да атқарылған және жаңа жылда атқарылуға тиісті біраз істерді ауыз толтырып айтуға болады. Соның ішінде Мемлекет басшысының бастамасында бірінші бағыт болып белгіленген «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бағыты
бойынша оң шаруалар қуантарлық.

Бастамада алға қойылған міндеттерді іске асыру тұрғысында бүгінгі күнге дейін екі жүзге жуық адамға пәтер сатып алуға несие берілді. Банктерден осы мақсатқа бөлінген қаржы көлемі бір жарым миллиард теңгеден асып түседі. «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасын орындау жөнінде Ақмола облысы қазір республикамыздың өзге аймақтары арасында алғашқы бестікте тұр.
Бүгінге дейін екінші деңгейлі банктерге келіп түскен 230-ға тарта өтініштің орындалу деңгейі тұрғысынан алып қарасақ та, облыста қол жетіп отырған көрсеткіштер жаман емес. Шілденің басында қолға алынған «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы баспанасы жоқ ақмолалықтарды барған сайын қызықтыра түсуде. Бұл бастама байырғы тұрғындар, сонымен бірге, осы әлеуметтік мұқтаждықты басынан кешіп отырған жастар арасында да бірдей қолдау тапқан. Бұл сәтті басталған іс жаңа 2019 жылда да өрістей түсіп, Елбасының бес әлеуметтік бастамасының осы бағыты бойынша баспаналы болатындар саны арта түсетіндігі айқын.
Әрине, осы бір қолайлы мүмкіндікті пайдаланатын несие алушылар қатары көп болуы үшін облыста үй салу қарқыны да жылма-жыл арта түсуі қажет. Бұл орайда, өткен жыл тұрғын үй құрылысын жүргізуде облыс үшін өте жемісті болды. Көкшетау қаласында 11 көп қабатты тұрғын үй салынып, тағы 12-сінің іргетасы қаланды. Бұған қоса, жеке құрылыс компаниялары да мыңға тарта пәтерді пайдалануға берді. Осының бәрі алда сөз жоқ, «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасының орындалуына да игі ықпал етпекші.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар