Шебердің қолы ортақ

Қазіргі нарықтағы жағдайға тез бейімделе алған көкшетаулық Равиль Баймұратовтың есімі автокөлік жүргізушілеріне жақсы таныс.
Колледждегі оқуын тәмамдаған соң жеңіл автокөліктерді жөндеу бойынша техникалық қызмет көрсету орталығына слесарь болып жұмысқа орналасқанынан бері он бес жыл сырғып өте шығыпты. Алғашында кеңес үкіметінен қалған ескі-құсқы жеңіл көліктердің қозғалтқыштарын жөндеуді игерсе, бүгінгі таңда шетелдің кез келген техникасының ақауын ретке келтіретін өз ісінің хас шебері.
– Кеңестік автомобиль өнеркәсібі неміс және жапондықтар тәрізді автокөліктер шығаратын алпауыт зауыттардан анағұрлым артта қалып келді. Қазіргі ресейлік автокөліктердің де жарытып жатқаны шамалы. Қазақстандықтар тарапынан негізінен шетел автокөліктеріне сұраныс жоғары, – дейді Равиль Баймұратов осы жылдардағы өз тәжірибесіне сүйеніп.
Дегенмен, көлік болған соң бұзылмай тұрмайды. Осы кезде көлік жүргізушілері Равиль сияқты тәжірибелі слесарь мамандардың көмегіне жүгінеді. Қазіргі кезде оның «Сервисник» жеке кәсіпкерлігінде жол талғамайтын джип, крассоверлерден бастап, жеңіл көліктердің бірнеше түрін кездестіруге болады. Тіпті, бүгінде өңірімізде сирек кездесетін көне көліктер де бар. Темір тұлпарларын сапалы әрі уақытылы жөндеп беріп жүргендіктен, көлік иелерінің Равильге алғысы шексіз.
Суретті түсірген Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар