Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Маңызды жобаларды жүзеге асырамыз - АРҚА АЖАРЫ

Маңызды жобаларды жүзеге асырамыз

Өткен жылы Елбасы Жолдауында алға қойылған міндеттерге орай, Ақмола облыстық әкімдігінің тапсырмасы бойынша «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының «Ақмола облысының интерактивтік картасы» жобасын қолға алдық.

Бастапқы мақсат бос жер учаскелеріне кәсіпкерлер мен тұрғындардың қолжетімділігін, жерді алу тәртібін және GPS арқылы орналасқан жерін ашық түрде көрсету болатын. Өйткені, адамдар бұл жер учаскесінің қайда орналасқанын және ол жерге қалай жететінін білуі тиіс. Тапсырма бойынша біз Көкшетау қаласының, одан әрі облыстағы барлық аудандардың жер уческелері мен коммуникациясын көрсетуіміз қажет болды. Бұл жұмысты тұтастай Ақмола облысы бойынша жасауды жөн көрдік. Аталмыш тапсырыс аясында өңірдегі барлық бос учаскелерді көрсеттік.
Облыстық жер қатынастары басқармасы мен қалалық, аудандық бөлімдерінің мәліметіне жүгінсек, бүгінгі таңда Көкшетау қаласы бойынша 31 бос жер участогы, аудандар бойынша 140 бос жер участогы тіркелген. Дегенмен, бос жер учаскелері толық көрсетілмеген. Осы орайда, бұл картаға кіру үшін аудандық әкімдіктер мен тиісті басқармалардың қолына қолжетімділік кілтін береміз. Олар картаға тұрақты түрде кіріп, тіркелмеген жерлерді өздері енгізе алады.
Осы бағытта қызметкерлерді оқытудамыз. Олар пайда болған жаңа жер учаскелерін өздері енгізіп, иесі пайда болған жерді алып тастай алады. Сөйтіп, олар бұл ресурсты толық басқарады. Картада кәсіпкерлерге қажет электр қуаты желісі мен канализация жүйесін тарту жұмысы белгіленген. Мәселен, кәсіпорын ашқысы келген кәсіпкер жер уческесін таңдап алады. Бұдан кейін коммуникация жүйесіне, автокөлік жолы мен теміржолға назар аударады. Картаға үлкен инвестициялық «свой» енгіздік. Бұл «свой» ауыл шаруашылығы, IT технологиясы, энергетика, өңдеуші кәсіпорындар тәрізді салалардың шағын «свойларына» бөлінеді. Жалпы «свой» ретінде инвестициялық «свойды» немесе белгілі бір саланы таңдап алуға болады. Жалпы адамдардың таңдауын қанағаттандыратын карта ыңғайлы етіп жасалған.
Біз қоғамдық ұйым болып табыламыз. 8-ші Азаматтық форумның қарсаңында картаға Ақмола облысындағы үкіметтік емес ұйымдардың «свойын» енгізуді жөн көрдік. Бүгінгі таңда екі жүзге жуық үкіметтік емес ұйым енгізілді. Картадан олардың мекенжайы мен барлық ақпаратын білуге болады. Үкіметтік емес тағы бір «свойға» ақпараты бар 25 ұйым енгізілген. Ақпараттан ұйым және оның қызметі, кіммен байланысуға болатыны, мекенжайы, видеосуреті, құжатты алу мүмкіндігі, жарғы капиталы, сертификаты мен паспорты жөнінде білуге болады. Егер біз компьютерден жер учаскесін немесе инвестициялық жоба белгісін бассақ, терезе ашылады. Терезеден бізге қажетті жазуды көреміз. Егер бұл жер участогы болса, оның бағытын, қайда екенін, кімге жолығу керектігін, инвестициялық жобаның паспорты мен құнын, авторын, кіммен хабарласуға болатынын, мекенжайы мен электрондық поштасын білуге болады. Бүгінгі таңда телефонмен жедел топ жұмыс істейді. Дегенмен, телефон арқылы толық ақпарат алу мүмкін емес. Компьютермен байланысқан дұрыс.
Биылғы жылы жедел ұсыныс жасалып, бұл мәселе оң шешімін табады. Ақмола облысының әкімдігі, «Есіл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы, «Даму» қоры, облыстық кәсіпкерлік палатасы бірлесе отырып, өңірдің инвестициялық ауқымды жобасын жасады. Өйткені, бұл карта облыстық әкімдік, «Қазақинвест», өзге де ұйымдар үшін жұмыс құралы болып табылады. Қазір картаны ақпаратпен толтыру қажет. Жалпы, бұл карта кәсіпкерлікті дамыту және инвестиция тарту үшін жасалған. Бүгінгі таңда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту қарқын алды. Осы орайда, кәсіпкерлер санатына үкіметтік емес ұйымдар секторын енгіздік. Қазір кәсіпкерлік пен қоғамдық жұмысты бөлмей, біріктіруіміз қажет. Жақсы әлеуметтік жоба инвестиция тартуды немесе қаржы салуды талап етеді. Сөйтіп, олар кімге көмек қажет екенін көреді. Бірлесе жұмыс істеудің электрондық алаңын бәріміз пайдалануымыз керек. Картаға мемлекеттік- жекеменшік серіктестігін енгіздік. Бұған облысымызда жүзеге асатын жобалар кіреді. Биылғы жылы ресурстар интернетіне көптеген тиімді жобалар енгізілді.
Мәселен, қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеушілер қандай полигондар бар екенін, өңдеуші жобалардың қайда жұмыс істейтінін білуі тиіс. Бұл игілікті іс кәсіпкерлер, тұрғындар мен экологтар үшін ортақ. Бұл ресурсты ұлғайтып, өз «свойымызды» енгіземіз. Сондай-ақ, картаға әркім өз идеясын енгізе алады. Біз бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз. Ол үшін мына электрондық поштамен «Smart Aqmola» mar.akmol.kz хабарласа аласыздар.

Мариям ӘБІШЕВА,
«Kazakhstan Innovations» қоғамдық
қорының төрайымы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар