Жыл сайын 18 қаңтар күні православ шіркеуінің «Крещение Господня» діни мейрамы атап өтіледі. Діни салт бойынша осы күні көп адамдар мұзды ойып, суға шомылып жатады. Аталмыш мейрам жыл сайын бұқаралық сипат алуда. Осыған орай, жергілікті атқарушы органдар шомылуға арналған арнайы жабдықталған орындар даярлап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жедел-құтқару жасағы және төтенше жағдайлар қызметінің аумақтық құрылымдары қызметкерлері сондай орындарда кезекшілікті жүзеге асырады. Қыстың суық күнінде мұз ойығына шомылу барысында мынадай қауіпсіздік ережелерін сақтауды естен шығармаған жөн:
• суға шомылу жағалауға жақын арнайы жабдықталған, мүмкіндігінше құтқару бекеттері маңында құтқарушылардың бақылауымен болғаны дұрыс;
• шомылатын мұз ойықтары алдын-ала дайындалып, ол туралы ақпарат құралдары арқылы тұрғындарға хабарландырылады;
• ойылған мұзда шомылар алдында денені қыздырып, қимылдатып, шамалап жүгіру қажет;
• аяқтың сезімталдығын жоғалтып алмау үшін ойылған мұзға оңтайлы, тайғанамайтын және оңай шешілетін аяқ-киіммен барған жөн. Ең жақсысы аяққа жылы бәтеңке немесе жүнді шұлық киген дұрыс. Аяғыңызға арнайы резеңке тәпішке кисеңіз олар аяғыңызды үшкір тастар мен қатып қалған тұздардан қорғап, тайғанауыңызға жол бермейді. Ойылған мұзға бара жатып, оның тайғанақ екендігін есте сақтаңыз. Баяу және сақ жүріңіз;
• суға түсетін сатының тыңғылықты қойылғандығына көз жеткізіңіз. Тым болмаса, шомылушылар судан шығулары үшін ойылған мұз ішіне түйілген мықты арқанның басын сақтандыру үшін тастау қажет. Арқанның келесі ұшы жағалауға мықтап байлануы керек;
• бас миы қан тамырларының рефлекторлы жіңішкеруін болдырмау үшін басты суламай кеңірдекке дейін ғана суға түскен дұрыс. Ойылған мұз суына ешқашан баспен сүңгімеңіз. Суға баспен секіру және сүңгуге болмайды, өйткені, ол суықтан температураның жойылуы мен үрей алып қалуды туғызады;
• суға алғаш түскен бетте өзіңізге қажет тереңдікті тауып алуға тырысыңыз, бірақ жүзбеңіз. Есіңізде болсын, суыққа сіздің денеңіз үйренісімен, суық су жиі тыныс алуды шақыруы мүмкін;
• ағзаның суып кетпеуін болдырмау үшін мұзды суда 1 минуттан артық болмаңыз;
• егер сізбен нәресте болса, оның суға түсуі кезінде оны назардан тыс қалдырмаңыз;
• суға шомылып шыққаннан кейін өзіңізді және нәрестені түкті орамалмен сүртіп, құрғақ киім кидіріңіз;
• иммунитетті нығайту және ағзаның тоңу мүмкіндігін болдырмау үшін алдын ала термосқа даярланған ең жақсысы жеміс-жидек, көкөніс қосылған ыстық шәй ішу қажет.
АЗАМАТТАР! Мұзды суға шомылар алдында медицина қызметкерлерінің кеңесіне құлақ түріңіздер. Бойларында төмендегідей аурулары бар адамдарға шомылуға болмайды:
– жүрек тамырлары жүйесі (жүрек клапандарының туа біткен және жүре пайда болған ауруы, стенокардия ұстамалары бар жүректің шаншу ауруы, миокард инфаркты алғандар, коронарлы-кардиосклероз, II және III сатыдағы гипертония ауруы);
– орталық жүйке жүйесі ауралары (эпилепсия, бас сүйегінің ауыр жарақат алу зардаптары, анық байқалатын бас миы тамырларының склерозы, сирингомиелия, энцефалит, арахноидит);
– көру органдары дерттері (глаукома, коньюктевит);
– тыныс алу органдарының ауруы (белсенді және асқынған сатыдағы өкпе құрт ауруы, өкпенің қабынуы, бронхиальды астма, эмфизема);
– тері-венерологиялық аурулар;
«Крещение Господня» кезінде мұзды суда шомылу үшін не қажет:
– орамал мен түкті халат, бір сыдырғы құрғақ киім;
– суға түсуге арналған жеңіл киім;
– аяқты жаралап алмас үшін тайғанамайтын тәпішке, ең жақсысы жүнді шұлық, бәтеңке, киіп алып суға түсе беруге болады;
– резеңке бас киім.
«Крещение Господня» православ мейрамын тойлау кезінде тұрғындардың шомылу орындары арнайы жабдықталып, суға түсіп, шығуы үшін көмекші құралдары болуы керек.
Судың тереңдігі 1,5 метрден аспауы тиіс. Ойылған мұз асты тегіс құмды болуы қажет. Масаң күйде шомылуға қатаң тиым салынады.
Облыстық төтенше жағдайлар
департаменті.