Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Цифрландырудың көмегімен сала тиімділігіне күш салынады - АРҚА АЖАРЫ

Цифрландырудың көмегімен сала тиімділігіне күш салынады

Мемлекет басшысының еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Ақмола өңірінде де ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін кешенді жоспарлар жасалып, жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Әртараптандыру аясында 2018 жылы дақылдар алқабы 150 мың гектарға ұлғайды. Мәселен, майлы дақылдар 10 мың гектар жерге, азықтық дақылдар 27 мың гектарға, жемшөп дақылдары 112,1 мың гектар алқапқа ұлғайды. Соңғы екі жылда элиталық тұқым егісі 1,8 есе кеңейді, минералдық тыңайтқыштар да екі есе көп енгізілді. Мысалы, өткен жылы 1,4 миллион гектар алқапқа 40,1 мың тонна минералдық тыңайтқыш сіңірілді. Суармалы жер алқабы 7 есе кеңейтілді. 2017 жылы Елбасы Бұзлық және Кеңбидайық су қоймаларының құрылысын жүргізуге тапсырма берген болатын. Бүгінгі таңда жобалардың техникалық-экономикалық негізін жасау жұмысы аяқталды. Жобаларды жүзеге асыру келешекте суармалы жердің тағы 28 мың гектарын айналымға енгізеді.
Цифрландыруды енгізудің бірінші кезеңінде алқаптарды цифрландыру аяқталды. Бұл жерді пайдаланушылар үшін мемлекеттік қолдау көрсетуді қысқартады. Тұңғыш рет облыстағы барлық ауыл шаруашылығы жерлеріне космостық мониторинг ұйымдастырылды. Шортандыда А.И.Бараев атындағы ғылыми-өндірістік орталығының базасындағы 3 мың гектар алқапта нақты жер өңдеу полигоны құрылды. Цифрлық технология дәстүрлі қолданылатын технологиямен салыстырғанда басымдық көрсетті. Астықтың шығымдылығы 2 есе артты. Жанар және жағар май, тыңайтқыш пен гербицидтер шығыны 25 пайызға азайды. Енді астықтың шығынын 20-30 пайызға азайту болжануда.
Өткен жылы 4,3 миллион гектар дәнді және бұршақты дақылдар алқабынан 5,6 миллион тонна астық жиналды. Гектар түсімі 13 центнерді құрады. 280 мың тонна картоп, 63 мың тонна көкөніс, 193,1 мың тонна майлы дақылдар жиналды. Жаңа астықты 67 астық қабылдау кәсіпорны қабылдап, сақтауда. Оның үстіне өткен жылы Астрахан, Жарқайың және Атбасар аудандарында 3 астық қабылдау кәсіпорны іске қосылды. 2018 жылы 1,7 миллион тонна астық экспортқа шығарылса, 837 мың тоннасы еліміздің ішінде сатылды.
Етті мал шаруашылығында негізгі күш жұмыс істеп тұрған және жаңа құрылған ірі мал бордақылау алаңдарының базасына зәкірлік кооперация енгізуге бағытталуда. Өткен жылы мал бордақылау кәсіпорындарының қуаты 10 мың орынға кеңейтіледі. Алдағы 5 жылда зәкірлік шаруашылық айналасында жеті жүзден астам жаңа етті ферма құрылады. 37 мың бас сиыр сатып алынады. «Щучинск сүт зауыты» серіктестігі мал басын 7 мың басқа көбейтеді. Целиноград ауданындағы «Агропарк» серіктестігі 3 мың бас ірі қараға арналған мал бордақылау алаңын іске қосады.
Бұланды ауданында етті құс шаруашылығы бойынша респуб-ликада ең ірі жобалардың бірі – жылына 50 мың тонна құс етін өндіретін Макинск құс фабрикасы салынуда. Бұл еліміз бойынша құс еті импортының 30 пайызын жабуға мүмкіндік береді. Жыл сайын елімізге 170 мың тонна құс еті әкелінеді. «Bavaria Product» серіктестігінің базасында жылына 5,5 мың тонна ет өндіретін ірі шошқа кешенінің құрылысы жүргізілуде. Жоба экспортқа бағытталған.
Сүтті мал шаруашылығында асыл тұқымды қашарлар фермасын құру жобасы жүзеге асырылуда. Бұл асыл тұқымды жас мал басын жыл сайын 3 мыңға дейін көбейтуге мүмкіндік береді. 14 мың бас ірі қараға арналған 15 тауарлы сүт фермасының құрылысы жоспарланған. Целиноград ауданында 2017 жылы іске қосылған 5 мың басқа арналған асыл тұқымды ешкі шаруашылығы өз өндіріс көлемін ұлғайтуда. Жақсы ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту аясында жылына 12 мың тонна жарма өндіретін зауыттың құрылысы жүргізілуде. Жоба экспортқа бағытталған.
2017 жылы сүт, май, ет, ұн мен өсімдік майы тәрізді азық-түлік тағамдары өндірісінің өсімі 112,9 пайызды құрады. Бұл Астана қаласының рыногына өнім тасымалдауды көбейтуге мүмкіндік берді. Жергілікті тауар өндірушілердің тағамдарын сату үшін «AQMOL» сауда жүйесі ұлғаюда. Астанада мамандандырылған дүкендер ашылды. Мұндағы бағалар өзге дүкендерге қарағанда 10-40 пайызға төмен. Облыс ет және сүт өнімдері бойынша Астана қаласының қажеттілігінің үштен бірін, жұмыртқа мен картоп қажеттілігінің 92 пайызын жабады. Азық-түлік белдеуін дамыту жұмысы жалғасуда. «ҚазАгро» холдингінің қаржылай қолдауының нәтижесінде 43,8 миллиард теңгенің 69 жобасы жүзеге асырылуда.
Ержан БЕКТҰРОВ,
Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы
басқармасының бөлім басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар