Балуан Шолақ кешені

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» еңбегінде айтылған «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында өткізілген шаралардың нәтижесінде біздің Ақмола – Көкшетау өңірлері бойынша республикалық және облыстық киелі орындар тізімі жасалған болатын. Біз бүгін өз оқырмандарымызды Бұланды ауданындағы Балуан Шолақ діни кешені жайлы деректермен таныстырып отырмыз.

Нұрмағамбет Баймырзаұлы (1864-1919) – ақын-әнші, халық композиторы, атақты балуан. Балуан Шолақтың азан шақырып қойылған есімі Нұрмағамбет. Ол бала кезінен ән-күйге құмар болып өседі. Жас кезінен ат құлағында ойнаған спортшы болған, шауып келе жатып ат үстінде әртүрлі күрделі жаттығуларды шебер орындаған. Балуан Шолақ ел аралап, салдық құрды және маңына әнші-күйші, балуан, өнерлі жігіттерді жинады. Өзі ұстаз тұтқан Біржан сал, Ақан сері әндерінің тамаша орындаушысы болып, кейін өзі де ән шығарады. Көкшетау, Қарқаралы, Сарысу бойындағы елдерді түгел аралап, Баян-
ауыл, Семейде болады. Арқаның әндерін Жетісуға жеткізді. Балуан Шолақтың «Көкшетау», «Желдірме», «Қос алқа», т.б. әндері бар. Халық арасында кеңінен таралған әндері «Ғалия» мен «Сентябрь» ақынға ерекше даңқ әкелді. Балуан Шолақ 1918 жылы Көкшетау уездік совдеп жұмысына қатысқан деген мәлімет бар. Қазір сол ғимаратта Көкшетау қаласының XX ғасырдың басындағы сәулет ескерткіші – Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі.
Бұланды ауданында Балуан Шолақ зиратындағы мемориалды стелла 2004 жылы Балуан Шолақтың туғанына140 жыл толуы қарсаңына арнап тұрғызылған. Композицияның негізгі жерленген жерінде үйінді тастардан жасалған төбешіктің биіктігі 2 метр, оның өмірінің бір жағын көрсететін сегіз қырлы мәнерден тұрады. Төбешіктің жоғарғы жағында граниттен жасалған басқыш, үстінде биіктігі – 16,7 метр болатын стелла және оның батырлығы мен алғырлығын бейнелейтін биіктігі 3,1 метр мүсін. Стеллада күш иесінің кескіні және ру белгісі – күн, жауынгер қоршауының найзасы бейнеленген.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар