Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Теміржол саласындағы қуатты кәсіпорын - АРҚА АЖАРЫ

Теміржол саласындағы қуатты кәсіпорын

Біздің – Атбасар электровоз жөндеу зауытында ВЛ 80 сериялы ауыспалы токты магистральдық электровозға күрделі жөндеу жасалады және техникалық қызмет көрсетіледі. Қызмет мерзімін ұзарту мақсатында олардың электрмен қозғайтын бөлігі жаңғыртылады. Бұған қосалқы бөлшек жасалады.

Сондай-ақ, зауытта ВЛ80 С/Т сериялы электровоздарға ТОУ-8, ТО-8 циклы бойынша күрделі жөндеу жұмысы жүргізіледі және техникалық қызмет көрсетіледі. Біз ТК/СК және ВЛ40М жаңғыртылған локомотивтерін ойдағыдай игеріп, бүгінгі таңда ОПЭ-1АМ тіркейтін агрегаттар мен ЭД-118 АМGE электродвигательдерге күрделі жөндеу жұмысын жүргіземіз. Бұл бар штатты ұстауға және жаңа еңбеккерлерді қабылдауға мүмкіндік береді. Қазір зауытта 1414 адам жұмыс істейді. Олардың санын одан әрі көбейтуге жағдай бар. Еңбеккерлердің бәрі тұрақты еңбекақымен және әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етілген. Өндірісті дамыту келешегін есепке алып, өнім сапасын жақсарту үшін жаңғырту цехы, кузовтардың металлоконструкциясын және локомотив тележкасының рамасын дайындау, электровоздарды жуу және бояу цехтары пайдалануға берілді. Көрсетілетін қызмет шеңберін ұлғайтуға ұмтылыс жасалып, кәсіпорын Қазақстанда алғаш рет электровоздың доңғалағын жөндеу кезінде пайдаланатын бандаждық темір шығаруды игерді.
Электровоздар мен тепловоздар үшін мотордың подшипниктерін жасау, асинхрондық электродвигательдердің роторларын қайта құю, бөлшектің жамылғысын жасау игерілді. «Н» класының ток өткізбейтін материалы пайдаланылып, электродвигательдерді күрделі жөндеу технологиясы енгізілді. Бөлшектерді дайындау үшін құю өндірісі, металды лазермен кесу қондырғысы және жұқа тақта темірді майыстыру үрдісі қолданылады. Кәсіпорынның сапаның барлық төрт стандарты бойынша менеджменттегі біріккен жүйенің сәйкестік сертификаты бар. Бұл кәсіпорынның техникалық қуатын, оның қазіргі заманғы диагностикалық қондырғымен жабдықталғанын, қазіргі заманғы технология қолданылатынын, мамандардың біліктілігін, кәсіпорынға қойылатын экологиялық талапты, еңбекті қорғаудың жағдайы мен өнеркәсіп қауіпсіздігін куәландырады, ISO 9001-2016, 14001-2015,50001-2016 және OHSAS 18001-2008 халықаралық стандарттарына толық сәйкес келеді. Бүгінгі таңда бұл жүйе ойдағыдай жұмыс істейді. Кәсіпорын жыл сайын сыртқы инспекциялық аудиттен өтеді. Сондай-ақ, ISO 19011-2011 cтандарты талаптарына сәйкес, өз жұмысын регламенттейтін сертификатталған ішкі аудиторлар бар.
Бүгінгі таңда зауыт электровоз қондырғыларының мың жарым бөлшектерін дайындайды және қалпына келтіреді. Кәсіпорынның жаңа технологияны игеріп, қолдануы, бөлшектерді, материалдар мен қосалқы бөлшектерді дайындауы және қалпына келтіруі, сатып алу кезінде отандық өндірушілерге басымдық берілуі, жұмыс орындарын сақтауға ұмтылуы мен өндірістің кірісі зауыт шығаратын өнімдер көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Зауыт 2016 жылы Соколов-Сарыбай өндірістік бірлестігінің тау-кенінде пайдаланылатын ОПЭ-1АМ сериялы агрегаттарының күрделі жөндеуін игерді. Көп жылдар бойы Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігі Ресей мен Украинаның жөндеуші кәсіпорындарымен бірге жұмыс істеді. Дегенмен, дағдарыс жағдайында локомотив иелері жылжымалы техниканың жетіспеушілігін және тозғанын бастарынан өткеріп, жөндеуді экономикалық тиімді жағдаймен біздің зауытқа берді. Сондай-ақ, тапсырыс берушіге жылжымалы агрегаттың кейбір жүйесін жаңғырту варианттары ұсынылды. Агрегатты пайдалану кезінде оның сапасын, сенімділігі мен қауіпсіздігін жақсартады, техникалық қызмет көрсету кезінде ыңғайлы. Жыл сайын ТПС күрделі жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге ұйымдармен екі жақты келісім-шарт жасалады. Қаржы нәтижесін өткен жылмен салыстырғанда, болжамды көрсеткіштен асып кетті. Сыртқы ұйымдар мен барлық түрлер бойынша жөндеудің негізгі бағдарламасы 100 пайыз орындалды. Темір жол транспорты экономиканың қан тамыры. Сондықтан, бар активтерді тиімді қолдап, дамыту қажет. Осының базасында өзге де жаңашылдықты игеріп, жасап шығару керек.
Атбасар электрожөндеу зауыты Қазақстанның ең қуатты локомотив жөндеу кәсіпорны. Ол кез-келген қозғаушы техника мен оның қондырғысын жөндеуге дайын. Бір жағадан бас шығарған ұжымның негізігі міндеті өндірісті ұлғайту, кәсіпорынды техникалық дамыту, еңбеккерлердің еңбек жағдайын қамтамасыз ету, қол жеткізген жетістіктерді дамытуға тұрақты ұмтылу болып табылады.

Марат ЖАПАРОВ,
«Қамқор Локомотив» серіктестігі «Атбасар электровоз жөндеу зауыты» филиалының директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар