Ақмола облысының әкімі, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының төрағасы Ермек Маржықпаевтың құттықтауы
Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді шын көңілден Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтаймын!
Бүгінгі таңда біздің елімізде жүзден астам ұлт өкілдері татулық пен келісімде өмір сүруде, олардың әрқайсысына ұлттық мәдениетін, дәстүрлерін сақтауы мен дамытуы, ана тілін үйренуі үшін тең мүмкіндіктер жасалған.
Қазақстандықтардың жауапкершілігі мен патриотизмі, бірлігі мен төзімділігі жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың берік өзегі болып табылады. Ұлтаралық келісімнің бірегей моделін қалыптастыру Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясына тиесілі.
Елбасының салған сара жолына адал болу – бұл біздің ортақ Отанымыздың игілігі үшін адал еңбек ету, біздің басты құндылығымыз – Қазақстанның көпұлтты және көпконфессиялы халқының ұлы және мызғымас достығын нығайту. Сіздерге және сіздердің жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт пен амандық тілеймін!
Қымбатты ақмолалықтар!
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпыұлттық келісімнің мерекесі. Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы.
Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде еліміз жан-жақты қарқынды дамуда. Елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, бірліктің жарқын үлгісін көрсетіп келеді. Мемлекетіміз көп ұлтты халқымыздың достығы мен келісімін, өзара түсіністігін қамтамасыз етіп қана қоймай, ұлттық ұстанымдар мен дәстүрлердің сақталуына, ұлттардың рухани, мәдени өсіп-өркендеуіне жағдай жасап отыр. Біз әр ұлтты шын құрметтеу арқылы бүкіл әлемге достық пен бірліктің нағыз үлгісін көрсетіп келеміз.
Ынтымақты, достықты, бірлікті сақтап қана қоймай, оны әрі қарай дамытуға өз үлесімізді қосуымыз қажет. Күш-жігерімізді біріктіре отырып, облысымызды дамытуға, ең батыл жоспарларды жүзеге асыруға жағдай туғыза аламыз.
Осы бір айтулы мереке қарсаңында дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге толайым табыстар тілеймін! Еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!
Дулат НҰРМОЛДИН,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.
Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы және әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.
Атаулы мерекеде ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.
Ұлы даламыздың дана биі Бәйдібек бабамыз: «Керуен басы мықты болса, түйесі азбайды, қолбасы мықты болса, сарбазы тозбайды» – дегендей, қиын-қыстау кезеңде елді ертеңгі күнге үлкен сеніммен алып келген Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстандағы барлық этностық топтарға ұлттық мәселелерде, әсіресе, ана тілдерін үйренуде, қолдануда еркіндік беруі – бүкіл дүние жүзіне Егемен елімізді ынтымақ пен ырысы, берекесі мен бірлігі жарасқан мемлекет ретінде танытты.
Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этнос аралық үйлесімді – сақтау Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.
Осынау қадір-қасиеті жоғары мерекеде Сіздерге шынайы көңілмен бақыт-береке, ізгілік пен мейірімділік, ынтымақ пен ырыс, зор жетістік тілеймін.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз – молшылыққа, ал, әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенеле берсін!
Досжан Әміров,
Ақмола облыстық сотының төрағасы.