Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
6 мамыр Рамазан айы басталады. - АРҚА АЖАРЫ

6 мамыр Рамазан айы басталады.

Аса қадірлі ақмолалықтар!
Біз асыға күткен Ислам күнтізбесіндегі ең айтулы оқиға – қасиетті Рамазан айының оразасы да келіп жетті. Пайғамбар заманында сахабалар бұл айды сағынышпен тосып, қимастықпен шығарып салған. Оның да өзіндік тағылымы бар. Себебі, бұл айда біз иманымызды күшейте отырып, Алла Тағалаға деген сүйіспеншілігімізді арттырамыз. Осы сипаттарымызбен бір Жаратушы иемізге жақындай түсеміз.
Қасиетті Құранның алғашқы аяттары түскен Қадір түні де осы айдың еншісінде. Демек, бұл тағылымы мен ғибраты мол, берекесі мен қасиеті дарыған ең қайырлы айлардың бірі болып табылады. Алла Тағала осы айда сауаптарымызды да арттыра түсіп, ораза ұстаған құлдарын сүйіншілейтін жұмақтың Райан қақпасын ашып тастайды.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өзінің бір хадисінде: «Кімде-кім Рамазан айында Алланың сый сауабына деген иманмен және үмітпен ораза ұстаса, оның бұрынғы күнәлары кешіріледі» дейді.
Шынайы тәубе ету – күнәнің кешірілуіне себеп болады. Осы айда біз өзімізге нығмет еткен ғибадаттардан айрылып қалмайық. Шынайы құлшыныспен Аллаға құлшылық етіп, оразамызды ұстап, көп дұғалар жасайық. Мұсылман үшін екі қуаныштың бірі осы айдың тағылымына жазылған. Ауызашар кездегі қуаныш осылардың ең абзалының бірі екені айтылады.
Әрине, өз Жаратушымызбен жүздескен сәт – қуаныштың ең ұлығы. Сондықтан, әр мұсылман осы айды барынша сауап жинап, дұға тілеп өткізсе дейміз. Себебі, бұл Жаратушының бізге берген Ұлы сыйы әрі мүмкіндігі.
Баршаңызды қасиетті Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын. Отбастарыңызға амандық, елімізге тыныштық, бар жақсы күндеріміз көп болғай!

Қуаныш қажы Жұмабайұлы,
ҚМДБ-ның Ақмола облысы бойынша өкілі, «Науан хазірет» мешітінің бас имамы.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар