Қарт майдангер судья – 100 жаста!

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров, «ҚР Судьялар одағы» Ақмола филиалының төрағасы Бауыржан Баймырзин, Ақмола облысы судьялар кеңесінің төрағасы Мейрам Ғибәділов соғыс ардагері, Ақмола облыстық сотының бұрынғы төрағасы Александр Торкинді 100 жасқа толған мерейтойымен және келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтады.

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының атынан ардагерге «Құрметті судья» төсбелгісін табыс етті.
Александр Петрович соғыстың бірінші күнінен бастап соңына дейін, яғни, Мәскеуден Берлинге дейін майдан жолынан өтті. Оның соғысқа қатыспауға құқығы болды, бірақ, нағыз патриот ретінде майданға өз еркімен кетті. Соғыстан елге жараланып оралды.
А.Тюркин жаумен ерлерше шайқасты. Омырауындағы «Қызыл Жұлдыз», қос «Ұлы Отан соғысы» ордендері мен «Ерлігі үшін», «Мәскеуді қорғағаны үшін», «Польшаны азат еткені үшін», «Мәскеуді қорғаудың 70 жылдығы» және тағы басқа медальдары осының айғағы іспеттес. Бейбіт уақыттағы адал еңбегі үшін де көптеген марапаттарға ие болды.
Соғыстан кейінгі жылдары ол сот төрелігіне қызмет етті. Қазақ КСР-нің Әділет министрлігінде, Ақмола облысы бойынша әділет басқармасында жұмыс істеп, 1956-1962 жылдар аралығында Ақмола облыстық сотының төрағасы болып қызмет атқарды.
Әлі тың ардагер келген әріптестеріне соғыс жайлы, майдан жолдары мен одан кейінгі өмірі, сот жүйесіндегі жұмысы туралы ұзақ әңгімелеп берді. Оның барысында соғыстың бірінші күнінен бастап Жеңіс күнін қалай жақындатқандарын, ауыр шайқастар мен көптеген қызықты оқиғаларды есіне алды. Ал, әріптестері болса, жүзге келсе де, қайраты мұқалмаған екі майдан еріне зор денсаулық тіледі.

Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар