Ерлік пен парыз шеруі

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Тәуелсіздік алаңында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шараға қатысып, құттықтау сөз сөйлеп,

тәуелсіз еліміздің қорғаныс қабілетін арттыру, жас ұрпақты батыр жерлестеріміздің өнегесімен тәрбиелеу маңызды іс екенін атап өтті.

Отан қорғаушылар күні – еліміздің тыныштығы мен халқымыздың амандығын кірпік қақпай қорғап жүрген ерлерімізді ұлықтайтын күн. Шараның мақсаты да – азаматтардың және жас ұрпақтың ой-санасын Отан қорғауға міндетті екенін сезіндіру, қазақстандық әскерилердің батылдығы мен ел азаматтарының жоғары адамгершілік қасиеттерін танымал ету.
Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өткен салтанатты шараға мемлекеттік мекемелердің, үкіметтік емес ұйымдардың, жоғары оқу орындарының басшылары, колледж және жалпы білім беретін мектептер мен қала тұрғындары және қонақтарын қосқанда барлығы екі мыңға тарта адам қатысты.
Шараның ашылу салтанатында Ақмола облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, подполковник Руслан Қасымов қысқаша баяндама жасап, Қазақстанның Мемлекеттік туы көтеріліп, Қазақстан Республикасының Гимні орындалды.
Одан әрі облыс әкімі Ермек Маржықпаев Отанымыздың бүкіл тарихындағы тәуелсіздігімізді қорғаған арыстарға құрмет көрсететін қастерлі күн – Отан қорғаушылар күнімен құттықтап сөз сөйлеп, ақмолалық жерлестеріміз, тәуелсіз Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі, Кеңес одағының Батыры, Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов, Ұлы Отан соғысының Батыры, Халық Қаһарманы Рахымжан Қошқарбаев, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдинов, жазушы-академик, Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің есімін мақтанышпен атады. Бүгінде жас ұрпақты қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу аясында Ақмола облысында «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери патриоттық қозғалысы» республикалық қоғамдық ұйымының филиалы құрылғаны белгілі. Өңірімізде 245 клуб жұмыс істейді. Әскери-патриоттық тәрбие беретін 106 сынып 7151 жастарды қамтиды.
Салтанатты шарада бір топ әскери қызметкерлер облыс әкімінің Алғыс хаттарына ие болса, Ақмола облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бөлім бастығы, майор Ақылбек Мақсұтбекұлы Билановқа Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің «Мінсіз қызметі үшін» медалі табыс етілді.
Елбасы бастамасымен 2011 жылы Республикалық «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы құрылған болатын. Қазіргі таңда оның Ақмола облысы бойынша 70 мыңға жуық мүшесі бар. Оқуда озат, үздік жетістіктерге жеткен 10 оқушы салтанатты түрде ұйым қатарына қабылданды. «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданған жасөспірімдер жерлестеріміздің даңқты ерлігі мен өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде ант қабылдады. Одан кейін жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерін даярлау кезіндегі басты міндет – атыс қаруы мен басқа да әртүрлі арнайы қаруларды қолдана білу бағытында «СОБР» мамандандырылған бөлімшесінің көрсетілімі тамашаланды.
Салтанатты шарада Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармония оркестрінің сүйемелдеуімен облыс көлеміндегі барлық әскери көрсетілімдер мен Нұр-Сұлтан қаласындағы жыл сайынғы әскери шерудің тұрақты қатысушылары – азаматтық қорғау саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлайтын елдегі жалғыз оқу орны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институтының жеке құрамы алдымен көш бастап, барлығы 626 адам қатысқан әскери-патриоттық клубтар мен бөлімшелердің салтанатты шеруі болып, соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.
Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар