Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Туған ауылының топырағы бұйырды - АРҚА АЖАРЫ

Туған ауылының топырағы бұйырды

Тастыөзек ауылында Ұлы Отан соғысы жылдары қан майданда қаза тапқан жауынгер Иван Гвоздевтің сүйегін қайта жерлеу рәсімі болып өтті. Бұл шараға аудан әкімінің орынбасары Ораз Смағұлов қатысып, сөз сөйледі.

Өткен жылдың күзінде Ленинград облысы Киров ауданының Нижнее Тортолово селосында «Юнит» тобының іздеушілері солдаттың медальонын тапты. Оны ашқан кезде жауынгердің аты-жөні анықталды. Ол қызыл әскер Иван Гвоздев екен. 1911 жылы бұрынғы Макинск ауданының Вознесенский селосында туған. Макинск аудандық әскери комиссариатында әскерге шақырылып, Ленинград қаласының түбінде хабар-ошарсыз кеткен. Қазір Қазақстанда екі қызы тұрады.
Тастыөзек ауылында өткен боздақтың сүйегін қайта жерлеуге арналған митингте жауынгердің қыздары сөз сөйлеп, дүниені дүр сілкінткен сол бір сұрапыл соғыс жылдарын еске алды. Қыздарының айтуынша Гвоздевтің бауыры Украин жерінде мерт болған. Оларды қан майданға шығарып салғанда қыздары мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер болыпты. Осы бір әкелерін шығарып салған кезеңді екеуі де ұмытпаған. Әкелерімен бірге Кардоннан Василий, Николай есімді азаматтар аттанады. Қоштасу кеші Гвоздевтің шаңырағында өтіпті. Сол кезде аналарының аяғы ауыр болыпты. Кенже ұлдар 1941 жылдың желтоқсанында туады. Ол әкесін мүлдем көре алмады. Қайта жерлеу рәсімінде боздақтың бейітіне гүл шоқтары қойылып, әскери дәстүр бойынша аспанға бірнеше мәрте оқ атылды.
Айнұр ҚАЛИЕВА,
Бұланды ауданы әкімінің
баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар