Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Дарынды оқушы – ұстаз абыройы - АРҚА АЖАРЫ

Дарынды оқушы – ұстаз абыройы

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі Ақмола облыстық оқу-әдістемелік орталығының директоры Еркін Оразов бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне облысымыздағы оқушылардың пән олимпиадалары мен ғылыми сайыстарда қол жеткен жетістіктері жайлы айтып берді.

Алдымен, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ботагөз Балапайқызы сөз алып, аяқталуына бірер апта қалған 2018-2019 оқу жылында халықаралық, республикалық және облыстық деңгейде өткен ғылыми сайыстар мен пән олимпиадаларында ақмолалық оқушылар жақсы нәтиже көрсеткенін атап өтті. Оқу жылының қорытындысы бойынша үздік, дарынды оқушылар анықталып, тізімі жасалған. Республикалық деңгейде – 50, халықаралық деңгейде 9 жеңімпаз оқушы бар.
Бұл туралы нақтырақ Ақмола облыстық оқу-әдістемелік орталығының директоры Еркін Оразов баяндап берді.
–Жоғары білімді, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру үшін барынша қолайлы жағдай жасау – Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің стратегиялық мақсаты болып табылады. Қазіргі заманғы мектептер оқушылардың білім алуын ғана емес, олардың дарындылығын, зияткерлік әлеуетін жетілдіріп, шығармашылық тұлға ретінде қалыптасуына да мән беруі керек. Бүгінгі таңда облыста 6 мен 17 жас аралығындағы 117830-дан астам бала бар. 2018-2019 оқу жылында мектеп деңгейінде өткен жарыстарға 13336 оқушы қатысты. Аудандық және қалалық деңгейдегі жарыстарға 445 білім ошағынан 6433 оқушы, облыстық деңгейдегі жарысқа 136 мектептен 398 оқушы қатысты, – деді орталық директоры.
Жаратылыстану-математика, гуманитарлық бағыттар бойынша республикалық олимпиадада білімдерін сынға салған 66 оқушының 15-і жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, халықаралық олимпиадаларға және ғылыми жарыстарға 21 оқушы қатысып, олардың 9-ы жүлдемен оралған. Брифингте әсіресе, Көкшетау қаласының №1 дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» мектеп-лицейі, дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты және Атбасар, Бурабай, Целиноград аудандарындағы бірқатар мектептер жақсы жағынан атап өтілді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар