Көкшетауда достық фестивалі өтті

Қоғамдық келісім үйінде «Бір шаңырақ астында» ұранымен өткен достық фестиваліне алқалы әлеумет көптеп жиналды.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шараға жиналған жүздеген тілеулес, ниеттес ағайын өз өнерлерін ортаға салып, ән мен биден шашу шашты. Фестивальге өңірдегі этно-мәдени бірлестіктердің өнер ұжымдары қатысты.
Ақмола облыстық «Орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Александр Артеменконың айтуынша, аталмыш фестиваль жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылады.
–Қазақстан халқы Ассамблеясы – Елбасының құрған қоғамдық институты. Ынтымақ, бірлік, келісім, тұрақтылық – бұлар еліміздің ең басты құндылығы. Бүгінде бір шаңырақтың астында бір үйдің баласындай тату-тәтті тіршілік етіп жатқан ондаған ұлт пен ұлыстың өкілдерінің пікірлері бір арнада тоғысып, тілегі ортақ жандар бұдан әрі де татулықтың тұғырын биіктетуді, бір мақсатқа жұмылып, ортақ нәтижеге жұмыс істеуді басты мақсатқа айналдырып отыр деуге әбден негіз бар. Мемлекетіміздің гүлденуіне, оның өзгелермен терезесі тең, керегесінің кең болуына әрбіріміз атсалысуымыз қажет,– дейді ол.
Облыс орталығында ұйымдастырылған фестиваль барысында Көкшенің өнер көгінде ән қалықтап, күй күмбірлеп, шаттықтың нұры шалқыды. Өнердің туын биік ұстап, өз дарын-қабілеттерін ортаға салған таланты биік хас шеберлерге өнерсүйер қауым дән риза болысып, ақжарма тілектерін арнап, тарқасты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар