Жас кәсіпкерге ілтипат мол

Есіл қаласының тұрғындары жас кәсіпкер Ильшат Ғубайдуллиннің шағын және орта бизнестегі аяқ алысына жоғары баға береді. Біз шағын шаһарда болғанымызда осыны аңғардық.

Ильшат осындағы №3 орта мектепті бітіріп, Қарағанды технологиялық колледжіне оқуға түсіпті. Мұнда технолог-менеджер мамандығын алған ол Астана қаласындағы дәмханалар мен мейрамханаларда 5 жыл бойы жұмыс істеген. Мұндағы мақсат еліміздің бас қаласында, келім-кетімі көп үлкен мегаполисте кәсіби тәжірибе жинақтап, өзі өскен шағын қалаға шебер маман болып оралу болатын.
Есілге келген соң да оқуын жалғастырды. Ильшат «Атамекен» кәсіпкерлерді қолдау палатасының жергілікті филиалында «Бастау» бағдарламасы бойынша курсты бітіріп, 2,4 миллион теңге мемлекеттік грант қаражатына ие болды. Көп ұзамай қала орталығынан қолайлы ғимаратты жалға алып, онда аспаздық пен кулинарлық кәсіпті қатар жүргізді.
Жаңашыл жас кәсіпкер дәстүрлі ас мәзіріне гамбургер, пицца, ыстық және суық коктейльдерді, тіпті арнайы рецеппен дайындалатын түрік айранын да қосты.
– Тағамның бүкіл түрі экологиялық таза өнімдерден дайындалады,–дейді бізбен әңгімесінде «Смак» дәмханасының қожасы Ильшат Ғубайдуллин. Мен Есіл, Атбасар, көршілес Қостанай облысының шаруашылықтарымен келісім шарт жасасқанмын. Қала тұрғындары мен қонақтардың ілтипатына бөленудеміз. Бүгінгі күні жастар, тіпті үлкен кісілер де тұрақты келіп тұрады. Бұл орайда оларды төмен баға, жайлы музыка ғана емес, көмекшім екеуміздің қалтқысыз қызметіміз тартып тұрады деп ойлаймын. Алдағы уақытта дәмханамызды кеңітсек деген ниеттеміз.
Төлеген Қосшығұлов.
Есіл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар