Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сайлаудың ұйымшылдықпен өтеріне сенімдімін - АРҚА АЖАРЫ

Сайлаудың ұйымшылдықпен өтеріне сенімдімін

Еліміздің қазіргі даму сатысындағы өте бір маңызды да саяси оқиға – биылғы жылдың 9 маусымында өтетін Қазақстан Республикасының кезектен тыс Президент сайлауы. Бұл сәт біздің еліміздің тарихында алтын әріптермен жазылып қалары сөзсіз.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі 28 жылдың ішінде біз өзіміздің тарихымызда болмаған үлкен өзгерістерге қол жеткіздік. Экономикамыз қарыштап дамып, әлемге танылдық. Бейбітшілікті сақтау тұрғысында Елбасының қосқан үлесі орасан зор. Осының бәрі тұрақтылықтың арқасында орнығып отыр. Міне, осы үрдісті одан әрі жалғастырып, халықтар арасындағы бірлік пен татулықты, достықты нығайту қасиетті тәуелсіздігіміздің басты қағидасы. Тәуелсіздік біздің бабаларымыздың ғасырлар бойы армандаған, соған Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевпен бірге қол жеткізген қастерлі ұғым. Бүгінде біз тәуелсіз елдің бақытты ұрпағы ретінде, жан-жақта болып жатқан қақтығыстарға қарамастан, халқымыздың бірлігін сақтай отырып, алға басып келеміз. Жаһанда ғаламдану процесі жүріп жатқанда, тұмшаланып, өзіміз ғана дамимыз деуге болмайды. Әлемде болып жатқан күтпеген жағдайларға дайын болу үшін қазіргі біздің басты мақсатымыз – дамудың сапалық жағдайын жақсарту, адами көзқарасымызды қалыптастыру, яғни, біліміміз бен денсаулығымыздың сапалылығын, әсіресе, жастардың ғылымға құштарлығын арттыру.
Сайлауды, биліктің бір қолдан екінші қолға өтуін айғай-шусыз, дау-дамайсыз өткізуге тиіспіз және аға ұрпақ соны қалайды. Бүгінде бізге әлем көз тігіп отыр. «Бұлар қалай сайлауды өткізеді екен, халықтың бірлігі қалай екен?», деп, сырт көз сыншы болып отырғанда, халқымыздың бірлігін күшейтуіміз керек.
Биылғы кезектен тыс Президент сайлауының бірден-бір ерекшелігі – жеті кандидат тіркеліп, сайлауалды бағдарламаларын халыққа ұсынып жатқандығы. Бұл дегеніміз – елімізде демократияның дамығанын, саяси мәдениетіміздің өскендігін білдіреді.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясында жан-жақты даму жолдары айтылған болатын. Міне, соны біз одан әрі жалғастырғанымыз дұрыс. Елбасының біз революциялық жолмен емес, эволюциялық жолмен дамуымыз керек деген сөзі бар. Сол жол бізге өте тиімді. Революция экономиканың өсуіне емес, керісінше, халықтың алауыздығын тудырады. Сондықтан, қазіргі келе жатқан бағытымыз дұрыс, бірақ, қатып қалған қағида жоқ, әлемде өзгеріс болып жатқаннан кейін біз де соған қарай бейімделіп, өсуіміз керек. Көрші елдерге де қарап, жаһанда болып жатқан жағдайларға көңіл аударып, соған қарай әрекет ете білуіміз керек. Әлеуметтік-саяси жағдайлардағы өзгерістер де бұл заманның, уақыттың талабы. Экономиканы дамытатын жастарымыз білімді де өнерлі болса, біздің болашағымыз да жарқын болмақ. Солар арқылы еліміздің дамуына ықпал етеміз, бірлігімізді білдіреміз.
Сайлауда таңдау жасағанымызда кандидаттардың ішінен мемлекетті басқаруда кімнің тәжірибесі мол, халықаралық жағдайда өзін таныта алады деген адамды таңдап, болашақ ұрпағымыз үшін оң шешім қабылдағанымыз дұрыс. Әрбір саналы азамат осы сайлауға қатысуды өзінің парызы екенін ұғынса, еліне деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімін ісімен дәлелдесе деймін. «Әй, жарайды, өздері бірдеңе қылар» деп, үйде отырып қалсақ, ол орынсыз. Сайлауға дауыс беру жасына жеткен әрбір адам сайлауға қатысуды өзінің Конституциялық құқығы және азаматтық міндеті деп түсінсе, ол да әркімнің демократияның дамуына қосқан зор үлесі деп білемін. Әркімнің таңдауы өз еркінде. Өз даусын таңдаған кандидатына беру үшін сайлауға қатысу керек. Сайлауға бақылау жүргізгенде әр партия мен қоғамдық ұйымдардың мүшелері комиссияға енгізілгені өте дұрыс.
Әрине, сайлаудың таза әрі әділ өтуіне қоғамдық бақылау керек. Басқа теріс жолға түсіп кетпей, халық өзі қалай дауыс берді, соның дұрыс есебін шығарып, қорытынды жасалуы тиіс. Мен сайлаудың әділ де таза өткендігін қалаймын. Осы сайлауда біртұтас ел екенімізді таныту үшін жұмыла дауыс беруге шақырамын.

Мейрамбек ҚИЫҚОВ,
Ақмола облыстық
Қазақстан халқы ассамблеясы
жанындағы «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық
бірлестігінің төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар