Көңілден шығарына сенімдіміз

Мемлекет басшысының көтерген ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрудағы бастамасы бүгінгі қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуде маңызы зор болады деп сенемін.

Расында да, соңғы кездері билік пен халықтың арасындағы байланыс алшақтап кетті. Оның да түрлі себептері бар шығар. Бірақ, бүгінгі күні бұл мәселе ерекше бақылауға алынып, нақтылы, нәтижелі жұмыс істеу керектігін көрсетіп отыр.
Сондықтан, Президенттің ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы ойы, оған мүшелікке әр өңірлерден белгілі тұлғаларды таңдап алуы біздерді қуантты. Алдағы уақытта бұл кеңес құрамы жаңартылып, оған әр өңірден ел сыйлайтын, ауызы дуалы ақсақалдар мен болашақта ел тізгінін ұстайтын жастар тартылып отырса жақсы болар еді.
Бүгінгі күні жас ұрпақ өмірлік тәжірибесі мол, көкірек көзі ояу қазыналы қарттардың ақыл-кеңесіне зәру. Сол себепті, ардагерлерімізді қоғамдық жұмысқа белсендірек тартып, білімді жастарға мүмкіндік беруіміз қажет. Көпшілік жұмылдырылатын мәдени-бұқаралық шараларды да көбірек өткізу керек.

Шияп ӘЛИЕВ,
Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар