Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Халықаралық маңызға ие болып келеді - АРҚА АЖАРЫ

Халықаралық маңызға ие болып келеді

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова «Зерен-2019» жастар жазғы лагерінің екінші кезеңінің жабылу салтанатына қатысып, сөз сөйледі. Ол өз сөзінде қатысушылар әзірлеген жобаларға жақсы баға беріп, «Зерен-2019» лагерінің ұйымдастырылуы мен дайындығы жоғары деңгейде екендігін атап өтті. Сонымен қатар, жиын барысында 36 команданың ішінен жеті жоба үздік деп танылып, әр команда 1 миллион теңгенің сертификатымен марапатталды. Вице-министрдің жұмыс сапары барысында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғали бірге болды.

– Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бас-тамасымен ұйымдастырылып, Жастар жылы аясында өтіп жатқан «Зерен-2019» лагері – бұл қазірдің өзінде өміріміздегі көптеген мәселелерді шешудің ерекше жолдарын ұсынатын дарынды жастардың тоғысқан жері. Барлығыңыздың табыс-ты кәсіпкер болып, өз идеяларыңызды жүзеге асыруларыңызды және оларды Қазақстанға ғана емес, бүкіл әлемге танытып, қолдануларыңызды тілеймін,–деді Фатима Надырқызы жиналған жастар алдында сөйлеген сөзінде.
Ауқымды жобаның екінші кезеңіне Қазақстан, Моңғолия, Қытай, Түркия, Әзербайжан және Қырғызстан елдерінен жиналған 200 жас дарын қатысты. Олар лагерьде болған 9 күннің ішінде азаматтық қоғамды дамыту, кәсіпкерлік дағдылары, жасыл экономика, креативті экономика және жаңа медиа бағыттары бойынша талмай еңбек етті. Тәлімгерлер мен әділ қазылар алқасының пікірлеріне сүйенетін болсақ, әр жоба өзінің бірегейлігімен және таңдалған бағыттағы негізгі міндеттерді бірыңғай емес тәсілмен шешу жолдарымен ерекшеленді. Олардың қатарында ауылдық жерлерде биогаз қондырғыларын орнату, биологиялық тұрғыдан шіритін материалдан жасалатын және 350 ретке дейін қолдануға болатын эко-бахилалар, жасанды және химиялық элементтер қосылмаған, жануарларға арналған қорек өндіру сияқты кеңкөлемді жобалар да болды. Одан бөлек, қимыл-тірек жүйесі бұзылған жандарға көмектесуге бағытталған жоба да бар, мұнда жас-тар арнайы төсек пен жүруге арналған қимыл ұстатқышын дайындауға арналған инновациялық платформа әзірлеген. Барлық жоба сарапшы қазылардан жоғары баға алды. Өкінішке орай, жол шалғай болғандықтан, өзге елден келген жастар ертерек жолға шығып, марапаттау рәсіміне қатыса алмады. Алайда, олар өздерінің ақжарма тілектерін, алған әсерлерін бейнежазба арқылы білдірді. Атап өтерлігі, әлеуметтік желі арқылы кең тарауға ие болған ұлы Абайдың 175 жылдығына орай өтіп жатқан челленджді лагерь қатысушылары да зор қуанышпен қабылдап, өзге елден келген жастар Ұлы ақынның өлеңдерін оқып, оны бейнежазба арқылы жолдағандары өте әсерлі болды.
Салтанатты шарада Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық отбасы ісі комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет, қоғам қайраткері Асылбек Қожахметов сөз сөйлеп, Жастар жылы елімізде атқарылып жатқан ауқымды жобалар туралы тарқатып айтып берді. – Елімізде жастар саясатына көп көңіл бөлінуде. Оның нәтижесі де жоғары. Жоғары білім аламын, жұмыс істеймін, кәсіпкерлікпен айналысамын деген жастарға барлық мүмкіндік жасалған. Тек жастар тарапынан ынта-ықылас болса болғаны. «Зерен-2019» республикалық жазғы лагерінің бағдарламасы дарынды жастардың бойында нағыз кәсіпкердің, азаматтық белсенді тұлға мен көшбасшының құндылықтарын қалыптастыруға және жетілдіруге бағытталған. Бағдарлама бойынша, нақты жүзеге асатын кәсіпкерлік бизнес-жобаларды Қазақстанның барлық өңірлерінде іске қосу жоспарлануда. Өткен жылы лагерьдің үш ауысымында барлығы 300 қатысушы болса, ағымдағы жылы 600 жас дарын қатысады деп күтілуде, Алдағы жылы олардың саны 900-ге жеткізсек деп ойлаймыз, – дей келіп, ел жастарын жасалып жатқан мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға шақырды. Өз кезегінде жастар да салтанатты шараға арнайы шақырылған құрметті қонақтарға көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, өз ойларын да ортаға салды.
Жалпы мұндай келелі кездесулер екі тарапқа да пайдалы болары сөзсіз.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар