Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауда заң бұзушылықтарға жол берілмейді - АРҚА АЖАРЫ

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауда заң бұзушылықтарға жол берілмейді

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Ақмола облысында болып, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, халықты жұмыспен қамту, мүгедектікті, еңбек қабілеттілігінен айырылу деңгейін белгілеу және әлеуметтік қорғау шараларына қатысты атқарылған жұмыстардың барысымен танысты.

Министр алдымен Макинск қаласындағы Бұланды аудандық еңбекпен қамту орталығының жұмысымен таныс-ты. Орталықта болып, атаулы әлуеметтік көмек алушылар кездесуінде жәрдемақы алу тәртібін түсіндіріп берді. Сондай-ақ, әлеуметтік төлемдерді алуда қулыққа баратын кейбір отбасыларға қандай шара қолданылатынын айтты.
Министрдің айтуынша, үйде жұмысқа қабілеті бар адам болса, міндетті түрде жұмыс істеуі керек. Осыған байланыс-ты мемлекеттен жәрдемақы алатын азаматтармен әлеуметтік келісімшарт жасалады. Оған сәйкес, белгілі бір уақыттың ішінде жұмысқа қабілетті отбасы мүшелеріне жұмыс ұсынылады. Сол бойынша жұмысқа тұру қажет. Алайда, мемлекеттік жәрдемақы алғысы келетін ерлі-зайыптылар ажыраса салады. Сөйтіп, төмен табысты көрсетуге тырысады.
– Бүгінде ерлі-зайыптылар төмен табысты көрсету үшін ажырасады. Күйеуім жоқ, алимент төлемейді, мен өзім жұмыс істемеймін дейді. Негізінде, біз олардың бірге тұратынын білеміз. Мен күйеуің бар ғой десем, ол анда-санда келіп-кетіп тұрады дейді. Ол келіп-кетіп тұрса, ақша беруі керек қой. Өзінің баласына ақша бермей ме?, – деді Сапарбаев журналис-терге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, ажырасу көрсеткіші 7 пайызға артқан. Осыған байланыс-ты құзыретті мемлекеттік органдармен бірлескен тексеріс жұмыстары жүргізілуде.
– Ондай отбасыларға қатысты міндетті түрде шара қолданылады. Айыппұл да болады. Атаулы әлеуметтік көмекті төлеуді тоқтатамыз. Осы сияқты шаралар қолға алынады, – деді Б.Сапарбаев.
Сонымен қатар, министр Көкшетау қаласындағы «Тыныс» акционерлік қоғамының зауытында болып, электр қозғалтқышты мүгедектер арбасын құрастыру жұмыстарымен танысты. Кәсіпорынның бас директоры Қайрат Қалманбаевтың айтуынша, бүгінгі таңда мүгедектер арбасы елімізде мүлдем шығарылмайды. Негізінен Ресей, Қытай және Еуропа елдерінен тасымалданады. Бұл жолғы алғашқысы Қазақстан Респуб-ликасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырысы бо-йынша жасалып отыр.
– Бұл серуендейтін электр қозғалтқышты мүгедектерге арналған арба. Оның салмағы 70 келі шамасында. Арба 15 және 30 шақырымға арналған екі аккумулятормен жабдықталған. Ал, жылдамдығы сағатына 6 шақырымды құрайды, – дейді кәсіпорынның бас директоры Қайрат Қалманбаев.
Зауыт басшылығы атап өткендей, электр қозғалтқышы істен шыққан кезде арбаны қолмен итеріп жүруге де болады. Сондай-ақ, жинап автокөліктің жүк салғышына да салуға ыңғайлы. Қосалқы бөлшектерді де осы кәсіпорыннан алуға болады. Ересектер мен балаларға арналған бұл мүгедектер арбасының құны шамамен 1 миллион теңгені құрайды.
Зауыт ұжымымен кездескен министр жұмыс сапарының мақсаты туралы айта келе, Көкшетауда құрастырылатын мүгедектер арбасының мүмкіндігі шектеулі жандардың көңілінен шығып, сұраныс артып жатса, жаппай тапсырыс беруге әзір екенін атап өтті. Сондай-ақ, шетелден өнім сатып алғаннан гөрі отандық өндірісті дамыту қажеттігіне тоқталды.
– Елімізде 14 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан мүгедектер арбасына зәру. Біз әр 5 жыл сайын бұл арбаларды ауыс-тырып отыруымыз керек. Яғни, орташа алғанда жылына 2 мың арба қажет деген сөз. «Тыныс» зауытында шығарылып жатқан арба мүгедектердің көңілінен шығады деген ойдамыз. Қандайда бір шешім қабылдамас бұрын біз бұл арбаларды мүгедектерге отырғызып, олардың пікірін біліп алуымыз керек. Егер олардың көңілдерінен шығып жатса, әрине, мемлекет тарапынан тапсырыс береміз.

Бізге әрине, шетелден қымбатқа сатып алғанша, өзімізде шығарылған өнімді кәдеге жаратқанымыз маңызды. Бұл отандық өндірісті дамытуға мүмкіндік берсе, енді бір жағынан жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізеді, – деді Бердібек Сапарбаев зауыт ұжымымен кездесуінде.
Мүгедектерге арналған алғашқы екі арба 1-ші топтағы мүгедектер Щучинск қаласының тұрғыны Динара Әлиева мен 22 жастағы көкшетаулық Ерлан Ескенге тапсырылды. Бұдан кейін, министр Көкшетау қаласында атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың тетіктерін түсіндіру бойынша селекторлы жиын өткізді. Онда Ақмола облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Дина Ахметжанованың есебі тыңдалды. Басқарма басшысының айтуынша, биыл облыс бойынша барлығы 6 мыңнан астам әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы атаулы әлеуметтік көмек алуда. Биыл атаулы әлеуметтік көмек көлемі 9 есеге артып, 3,7 миллиард теңгені құрап отыр.
Жиында Бердібек Сапарбаев атаулы әлеуметтік көмек көрсету кезінде заң бұзушылықтар, тіпті, алаяқтықтар да анықталғанын жеткізді. Бұл бағытта теріс әрекеттерді жою үшін еңбек және әлеуметтік қорғау министріне атаулы әлеуметтік көмектің берілу тәртібін реттеу жөнінде шұғыл шаралар қабылданып жатқандығын атап өтті.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар