Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытын күшейту үшін жаңа үш департамент құрылды. Жаңадан құрылып отырған «Алдын алу» департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізумен, «Жемқорлық себептері мен жағдайлары» департаменті әкімшілік кедергілер мен бюрократтық рәсімдерді кезекті түрде жоя отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жасаумен, ал «Парасаттылық» департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным мен құқық танымын қалыптастыру, әдептілікке және сатылмаушылыққа баулу, сондай-ақ Агенттіктің жобаларын үйлестіру міндеттерімен айналысады.
– Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ережесі мен құрылысын бекітті. Оны да-йындау кезінде біз жұмысы қылмыстық-құқықтық сипаттағы алдын алудың, ағартудың және шаралардың ұтымды үйлесуіне негізделген шетелдік сыбайлас жемқорлыққа қарсы табысты органдардың моделін негізге алдық. Біздің миссиямыз – Қазақстан халқының игілігі үшін сыбайлас жемқорлықты жою. Біз азаматтарды және мемлекеттік институттарды сенімді қорғай білетін кәсіби, ашық, тиімді әрі нәтижелі құқық қорғау органының мәртебесіне толықтай сәйкес болу үшін бастаған жұмысымызды жалғастырамыз. Бұл үшін әділдік, парасаттылық және сенім сияқты басты құндылықтарға сүйене отырып жұмыс жасаймыз», –
деп жазды Агенттік басшысы Алик Шпекбаев Facebook-тегі парақшасында.