Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Zhas Project» жобасы іске асырылуда - АРҚА АЖАРЫ

«Zhas Project» жобасы іске асырылуда

Биылғы жылдың басынан бастап облысымызда «Zhas Project» жобасын іске асырып жатырмыз. Жалпы, бұл жоба осыдан үш жыл бұрын Халықаралық қайта құру және даму банкі мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен қолға алынған болатын. Келесі жылға дейін жалғасатын жоба аясында 8500 жасты қамтуды жоспарлап отырмыз.

Мен осы жобаны іске асырумен айналысатын үйлестіру агенттігінің облысымыздағы өкілі болып табыламын. Осы мақалада Ақмола облысындағы жастар корпусының дамуы жөнінде тоқталғым келіп отыр.
Жастар корпусын дамыту жобасы жастарды қоғам өміріне тарту, сондай-ақ, арнайы бағдарламалар арқылы өмірлік маңызы бар дағдыларды үйретуді көздейді. Оған мектеп оқушыларынан басқа, 14 пен 29 жас аралығындағы барлық жастар қатыса алады. Әсіресе, еш жерде оқымайтын, еш жерде жұмыс істемейтін немесе жалақысы аз жас-
тарды жобаға тартуға басымдық беріледі.
Үстіміздегі жылдың наурыз-сәуір айларында үздік әлеуметтік жобалар байқауын өткіздік. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Ақмола облыстарының жастары қатысуға мүмкіндік алды. Әлеуметтік жобаны қорғау үшін жастар 3-5 адамнан тұратын бастамашыл топ құрды. Байқау жүргізілген мерзім ішінде жобамыздың сайтына 3800-ден астам өтініш келіп түсті. 1225 өтінішті қатысушылардың жастары сәйкес келмеуіне байланысты қабылдай алмадық. Нәтижесінде еліміздің алты өңірінен 1064 жобаға гранттар берілді. Соның 122-сі біздің облысымызға тиесілі.
Үздік әлеуметтік жобалар байқауында жеңімпаз деп танылған осы 122 жобаны 414 жас іске асырады. Олардың ішінде 20 адам – мүмкіндігі шектеулі жандар. Осы орайда, әсіресе, Көкшетау, Степногорск қалалары мен Атбасар, Зеренді аудандарындағы жастардың жобаға белсене араласқандығын ерекше атап өткім келеді. Жобаны іске асыру аясында олар гранттық қаржыландырудан бөлек, білім деңгейлеріне байланысты ай сайын 60 мың теңгеге дейін әлеуметтік шәкіртақымен де қамтамасыз етіледі. Бәлкім, бұл сандар оқырманға жалаң, құрғақтау болып көрінетін шығар. Бірақ, олардың артында өңіріміздің дамуына өз үлесін қосуды, жаңа жұмыс орындарын ашып, өзіне ғана емес, замандарына да көмек қолын созуды армандайтын қаншама жастар тұрғанын айтқым келеді.
Гранттық қаржыландырудан бөлек, жобамыздың тағы бір маңызды бөлігі – өмірлік маңызы бар дағдыларға, жобаларды басқаруға оқыту және менторлық қолдау болып табылады. Жалпы, ментор дегеніміз – бұл өз еркімен тәжірибесімен бөліскісі келетін, қамқорлығындағы адамның өмірлік іс-әрекетіне тікелей кіріспей, сондай-ақ, оның тұлға ретіндегі орнын баспай, жеке және кәсіби мақсаттарына жетуіне көмектесуге дайын адам.
Менторлар өмірлік маңызы бар дағдылар мен жобаларды басқару, тренингтерді
фасилитациялау дағдылары, жастар тобымен жұмыс істеу және тәлімгерлік дағдылар бойынша екі тренингтен өтеді. Менторлар оқыту бағдарламасының басында және соңында бенефициарлар үшін тренингтер өткізеді. Көкшетау қаласында жоба менторларын оқыту маусым айында өтті. Менторлық қолдау көрсету үшін облысымызда конкурс нәтижесі бойынша белсенді тұрғындардың, ұстаздардың, үкіметтік емес ұйым өкілдерінің арасынан 34 ментор таңдап алынды.
Жоба жайлы барлық ақпаратты ғаламтордағы zhasproject.kz сайтынан ала аласыздар. Сондай-ақ, Инстаграм, Контакт және Facebook секілді әлеуметтік желілерде де парақшаларымыз бар.

Тимур ЫСҚАҚОВ,
Ақмола облысы бойынша «Zhas project» жобасының өңірлік үйлестірушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар