Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Құрметті көлік саласының қызметкерлері!
Кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректі құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Көлік саласының қызметкерлері ел үшін маңызды стратегиялық мәселелерді шешуге елеулі үлес қосуда. Біз автокөлік, темір жол және авиация кәсіпорындарының қызметкерлері көбінесе күні-түні және күрделі жағдайларда жұмыс істейтінін білеміз. Сіздердің жоғары кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында экономиканың барлық салалары қуаттанып, өңіраралық және халықаралық байланыстар нығаяды, адамдардың өмір сүру сапасы артады.
Еліміздегі көлік-логистикалық кешенін модернизациялау барысында, Ақмола облысында жаңа жолдар құрылысы жүргізіліп, жол бойы сервисінің жаңа нысандары ашылуда, цифрлық технология белсенді түрде енгізілуде, маршруттық желілер кеңейтілуде және материалдық-техникалық база жаңартылуда. Осынау игі үрдіс автомобиль, теміржол және әуе көлігіндегі жолаушылар ағыны мен жүк тасымалдау ауқымын арттыруға септік жасауда.
Сіздердің қоғамдағы тіршіліктің барлық саласын қамтитын күнделікті қауырт та абыройлы еңбектеріңіз үшін үлкен алғысымды білдіремін.
Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, біздің еліміздің көркейуі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар