Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қалтқысыз қызмет қамтамасыз етіледі - АРҚА АЖАРЫ

Қалтқысыз қызмет қамтамасыз етіледі

«Қазақстан-2050» Стратегиясында еліміздің көлік және коммуникация саласына тиісті негізгі бағыттар айқындалды. Соңғы жылдары көптеген стратегиялық нысандар іске қосылды. Жаңа жұмыс орындары ашылды. Оған осы саладағы инфрақұрылым жобалары бойынша атқарылған жұмыстар игі әсерін тигізуде.

Ақмола облысының аумағында жолаушыларды автомобиль көлiгiмен тасымалдау 212 тұрақты маршрутта жүзеге асырылады, оның iшiнде 63 – қала iшiлiк, 31 – қаламаңы, 59 – облысiшiлiк қалааралық, 33 – ауданiшiлiк, 19 – облысаралық және 7 – халықаралық маршрут бар.
Қалалық автобус маршруттарының қоғамдық көлiгiнде жүру құны 60-тан 100 теңгеге дейiн соманы құрайды, (60 теңге Державинск қ., Шортанды к., Степногорск қ.,70 теңге Макинск қ., Ақкөл қ., Степняк қ., 80 теңге Көкшетау қ.,
Атбасар қ., Щучинск қ., 90 теңге Ерейментау қ., Целиноград ауданында,100 теңге Есiл қ., Балкашино а.). Ал, тұрақты облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысаралық) автобус маршруттарында 1 жолаушы/км 6,5-тен 10 теңгенi құрайды.
Өңірде 3 автовокзал (Көкшетау қ., Щучинск қ., Степногорск қ.), 2 автостанция (Атбасар қ., Макинск қ.), 6 жолаушыларға қызмет көрсету пунктi (Ақкөл қ., Астраханка а., Степняк қ., Ерейментау қ., Есiл қ.Жаксы к.) жұмыс iстейдi.
Қазіргі таңда жолаушыларға қызмет көрсетудiң жаңа пункттерiн ашу бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. Атап айтқанда, 2018 жылы Жақсы ауданында жолаушыларға қызмет көрсету пунктi ашылды.
Сондай-ақ, 2018 жылы Ақмола облысының аумақтарын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасының аясында автобус қатынасымен қосымша 19 елдi мекен қамтылды. Бұл жолаушылар автокөлiгi қатынасымен қамтылмаған елдi мекендер үлесiнің жоспарлы индикаторына (12 пайыз) қол жеткiзуге мүмкiндiк бердi. Жыл қорытындысы бойынша халқының саны 100 адамнан артық 499 елдi мекен iшiнен 440 немесе 82,2 пайызы жолаушылар автокөлiгі қатынасымен қамтылды. Бұл көрсеткiшке 11 жаңа автобус бағдарын ұйымдастыру және қолданыстағы 2 бағдарды ұзарту есебiнен қол жеткiзiлдi.
Тұрақты автобус маршруттарында ынталандыру мақсатында, уақытылы автобустар мен шағын автобустарды жаңартқан жағдайда, тасымалдаушымен шарттың мерзiмiн 10 жылға ұзарту көзделген. Қазiргi уақытта, тұрақты маршруттардағы жылжымалы құрам шамамен 750 бiрлiктi құрайды.
Биылғы жылы «Көкшетау автобус паркі» ЖШС мемлекеттік-жекеменшіктік әріптестік жобасы аясында жақсы жұмыс істеді. Жуырдағы қала күнінде облыс әкімі Ермек Маржықпаев Қазақстанда жасалған 31 дана жаңа автобустардың кілтін тапсырып, сәтті сапар тіледі. Алдағы 5 қарашаға дейін тағы да 13 автобус қала маршруттарына қосылады деп күтілуде.
2019 жылдың бірінші жарты жылдығында автокөліктермен 714 485,4 мың адам тасымалданды (өткен жылдың сәйкес кезеңiне 106,1%). Жолаушылар айналымы 3 116,1 миллион жолаушы-километрге тең болды (өткен жылдың сәйкес кезеңiне 101,1%).
Басқарма тұрғындарға мемлекеттiк қызметтің алты түрін көрсетедi. Биылғы 6 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету сапасы мен мерзiмдерiнiң бұзылуына қатысты шағымдар келiп түскен жоқ.
Арсен Жанғасқанов,
Ақмола облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар