Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Гүлге оранып, гүл жайнаған Көкшетау! - АРҚА АЖАРЫ

Гүлге оранып, гүл жайнаған Көкшетау!

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласының әлеуметтік-экономикалық өркендеуін және облыс орталығының бүгінгі күн талабына сай сәулеттеніп, гүлденіп өркендеуіне айрықша көңіл бөліп келеді. Көкшетау қаласы әрдайым облыс басшысының басты назарында екендігін айтқан ләзім. Бүгінгі күні Көкшетау өзінің жасыл желегімен, алуан түрлі гүлзарларымен көкшетаулықтардың көз қуанышына айналып отыр.

Көкшетау қаласындағы «Зеленстрой» және «Жасыл Ел НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері биылғы көктемнен бастап өндіріс ауқымын кеңейтуге кіріскен болатын. Жер жібіп, күн жылынысымен қауырт жұмыстар қолға алынып, қала аумағында 20 мың шаршы метр алаңда жұпар иісті гүлзарлар пайда болды. Сонымен қатар, қосымша 5 мың шаршы метр аумақта көк өскіндер егу де қамдастырылған. Бұл орайда, барлық өскін мен көкжелек қала көркін аша түсер жоғары талғаммен таңдалғанын айту керек. Әсіресе, қала қақпасы саналатын теміржол, әуежай, автобекет пен мәдени-көпшілік орындар маңайындағы алаңдар алуан түрлі гүлдермен көмкерілу жайы назарға алынған. Бұл мақсатта өскіндердің жеткілікті қоры қамтамасыз етілді.
Өткен жылы «Зеленстрой» серіктестігі 12 мың шаршы метрге гүл өскіндерін орналастырған еді. Әйткенмен, өңір басшысының тапсырмасымен күз айларында, тағы да 4 мың шаршы метрге балауса гүлдер мен «көк кілемдердің» отырғызылғандығын айта кеткіміз келеді. Әсемдік кәсіпорны биылғы міндетті де орындап шығатыны даусыз. Бұған «Зеленстройдың» 2600 шаршы метрлік жақсы жабдықталған өскіндер жылыжайы мен өз ісіне берілген мамандарының іскерлігі толық негіз бола алады. Жалпы, аталған ұжым соңғы екі жылда 82 миллион теңгенің 1650 мың түп гүл мен жасыл желек көшеттерін отырғызды.
Сондай-ақ, «Жасыл Ел НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 500 түптен астам саялы ағаш пен 4 мың шаршы метрлік гүл алаңын отырғызуды қамтамасыз еткен еді. Серіктестік алдағы жылдары өндіріс алаңының ауқымын 10 мың шаршы метрге жеткізуді жоспарлап отыр.
Бақберген Амалбеков,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар