Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетауға Тәжікстан елшісі келді - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетауға Тәжікстан елшісі келді

Өткен сейсенбі күні Қазақстан Республикасындағы Тәжікстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Хайрулло Ибодзода және Елшіліктің бірінші хатшысы Азизджон Хафизов Көкшетауға жұмыс сапарымен келіп, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жұмысымен танысты. Меймандар Қазақстандағы түрлі диаспоралар өкілдерінің тату-тәтті өмір сүріп, алаңсыз еңбек етіп жатқандықтарына риза болып, еліміздің ішкі және сыртқы саясатының әлемге үлгі екендігін атап көрсетті.

Меймандарды Достық үйінің фойесінде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бисара Мәкенованың шәкірттері әсем әнмен қарсы алды. Содан кейін қазақтың ұлттық тағамдары – бауырсақ пен қымыздан дәм татқан қонақтар Достық үйінде орналасқан қоғамдық бірлестіктерді аралап көрді.
Қазақстан Республикасындағы Тәжікстан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Хайрулло Ибодзода Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің қызметімен танысып, олардың әрбіреуіне Тәжікстанның көрнекті жерлері жайлы мәліметтерге толы дискіні естелікке тарту етті. Ал, әдейілеп алып келген тәжік ұлттық аспаптарын «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық мәдени орталығына сыйға тартты. Енді, «дутар, рубаб, дойра» сияқты ұлттық музыкалық аспаптар, сондай-ақ қыштан жасалған «таблак» бұйымы бірлестіктің орталық кабинетінің сәнін келтіріп тұрады.
Экскурсиядан кейін конференция залында тәжік диаспорасының, этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Хайрулло Ибодзода құттықтау сөз сөйлеп, екі ел арасындағы қарым-қатынас экономикадан бастап мәдениетке дейін көптеген бағытта дамып, халықтар достығы жылдан-жылға нығайып келе жатқанын атап өтті. Елші естелік ретінде Ақмола ассамблеясына заравшан қолтаңбасы мәнерінде әзірленген картинаны сыйға тартты.
Кездесу барысында тәжік ұлттық мәдени орталығының төрағасы Умар Шоназаров, чуваш этномәдени орталығының төрайымы Елена Мащинская, «Ақмола облысының орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Александр Артеменко ұсыныс-тілектерімен бөлісті. Шара соңында Тәжікстан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының келушілер кітабына тілегін жазып қалдырды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар