Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Өз үйімді» игілігімізге жаратсақ - АРҚА АЖАРЫ

«Өз үйімді» игілігімізге жаратсақ

Тұрғын үй құрылысы – экономиканың маңызды саласы және 2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясының басым бағыттарының бірі болып табылады. Осы орайда, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы Ақмола облыстық филиалының басшылары «Өз үйім» бағдарламасы аясында Көкшетау қаласында пайдалануға берілетін бірқатар тұрғын үйлерге баспасөз турын ұйымдастырды.

Өткен жылы облыс аумағында ауқымды құрылыс жұмысы жүргізіліп, бірқатар тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді. Бұл үрдіс биыл да жалғасын тауып отыр. Құрылыс жұмысы көлемінің басым бөлігін жекеменшік құрылыс компаниялары, 0,2 пайызын мемлекеттік ұйымдар атқаруда. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы Ақмола облыстық филиалының бөлім басшысы Ренат Беков өз сөзінде аталмыш бағдарламаның шарттары бойынша пәтерді, оның құнының 20 пайыз мөлшеріндегі бастапқы жарнасымен сатып алуға болатынын айтты.
–Жылдық қарыз мөлшерлемесі 7 пайызды құрайды. Одан әрі 4,5-5 пайызға дейін төмендетіледі. «Өз үйім» бағдарламасы бойынша пәтерлер, тұрғын үйге және салушыларға деген жоғары талапты ескере отырып, нарықтағы тұрғын үй бағасынан әжептәуір төмен бағамен сатылады,–деді бөлім басшысы.
Баспасөз турында біз алдымен, облыс орталығындағы Юбилейный шағын ауданында болдық. Мұнда «Регион строй құрылыс компаниясы» серіктестігі тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы 90 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысын аяқтапты. Пәтерлердің тең жартысы аталмыш банк арқылы сатылады. Тұрғын үй қаланың дамып келе жатқан экологиялық таза ауданында орналасқан. Бұл үйге мектеп, балабақша мен дүкендер жақын. Серіктестік директорның орынбасары Қанат Лұқпановтың айтуынша, құрылыс барысында білікті мамандар сатып алынған құрылыс материалдарының сапасын бақылап отырған екен. Үй құрылысы комбинатында темірбетон өнімдері техникалық бақылау бөлімі арқылы жіберіліпті. Сондай-ақ, тәуелсіз зертхана құрылыс нысанындағы монолит учаскелерінің орындалу сапасын бақылаған. Индустриалдық өндірісте көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысымен айналысатын «Регион строй» құрылыс компаниясы 2002 жылы құрылған.
–Бүгінгі таңда кәсіпорын екі 9 қабатты, бір 6 қабатты тұрғын үйдің құрылысын аяқтады. Құрылыс технологиясы қазіргі заманғы құрылыс материалдары мен конструкцияны қолдану негізінде жасалды. Материалдардың бәрі нормалау және стандарттаудың ұлттық жүйесінің қолданыстағы құжаттарындағы өртке, экологиялық және санитарлық қауіпсіздікке сәйкес сертификаттаудан өткен. Темірбетон қабырғалары мен плиталарды өзіміз жасап, тұрғын үй құрастырамыз,–деді Ренат Беков.
Біз күн санап көркейіп келе жатқан Көкшетау қаласындағы Сарыарқа шағын ауданына ат басын бұрдық. Мұнда «Көкшетау жолдары» серіктестігі 130 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысын аяқтады. Оның 86 пәтері тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы сатылуда. Бұл тұрғын үйдің құрылысы 2016 жылы басталған. Оның жобасын Екатеринбург қаласының мамандары жасапты. Серіктестіктің бас директоры Естай Қасеновтың айтуынша, тұрғын үй құрастырмалы монолиттік каркас технологиясы бойынша салынған екен. Еңселі 1 бөлмелі пәтердің алаңы 42,3 шаршы метрді, 3 бөлмелі пәтердің алаңы 88,5 шаршы метрді алып жатыр. Аталмыш банктің бағалауы бойынша пәтердің 1 шаршы метрі 157 мың теңгеге бағаланып отыр. Бұл тұрғын үй шуы аз, экологиялық таза ауданда орналасқан. Аулада балалар алаңы, автокөлік тұрағы, үйдің бірінші қабатында әлеуметтік нысандар орналасқан. Сапалы салынған үйдің пәтерлері жылы әрі тартымды.
«Көкшетау жолдары» серіктестігі жол құрылысын жүргізетін ірі кәсіпорындардың бірі болып саналады. Кәсіпорынның даму тарихы өткен ғасырдың 70 жылдарынан бастау алады. «Упрдор-45» мемлекеттік кәсіпорны 80 жылдары Қаз КСР Автокөлік жолдары министрлігінің Көкшетау облыстық өндірістік басқармасы болып қайта құрылды. Осындай бірқатар өзгерістерден кейін «Көкшетау жолдары» ашық акционерлік қоғамы 2006 жылы «Көкшетау жолдары» серіктестігі деген заңды беделге ие болды. Естай Қасенов бұл кәсіпорынды 1987 жылдан бері басқарады. Оның еңбегі еленіп, «Құрметті жолшы» атағына ие болды. Сондай-ақ, бірқатар медальдардың иегері Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі мен Ақмола облысы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталған.
Инженерлік-техникалық еңбеккерлердің шеберлігі, қолда бар қазіргі заманғы техникалар, технологияны жетілдіру және сапалы материалдар қолдану арқылы компания үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Олар өз міндетін уақытында орындауды дәстүрге айналдырған. «Көкшетау жолдары» серіктестігі Астананы көшіруге, «Астана-Бурабай», «Щучинск-Зеренді», «Көкшетау қаласына кіре беріс», «Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-Ресей шекарасы» автокөлік жолдарының құрылысына, «Астана-Петропавл», Көкшетау қалаішілік автокөлік жолын қалпына келтіруге белсене араласты. Компанияда 500-ден астам еңбеккер жұмыс істейді. Серіктестік мамандарында алдыңғы қатарлы оқу орындарының сертификаты, көбінде халықаралық сертификат бар. Серіктестіктің кадрлық саясаты кәсіби шеберлік, өз ісі мен компанияға берілгендік, жауапкершілік тәрізді қағидатқа құрылған. Бүгінгі таңда облысымызда құрылыс жұмысы қызу қарқын алды. Әсіресе, құрылыс жұмысы көлемінің артуы Көкшетау қаласы мен Атбасар, Целиноград, Бурабай, Зеренді тәрізді бірқатар аудандарда байқалуда.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар