Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Халық сенімі – полиция жұмысының басты өлшемі болуы керек - АРҚА АЖАРЫ

Халық сенімі – полиция жұмысының басты өлшемі болуы керек

Кеше облысымызға жұмыс сапарымен келген Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы) өкілі Коллин Маккалау және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Көкшетау қаласында еліміздің әр өңірінен жиналған жергілікті полиция қызметі басшыларымен кездесіп, «Жергілікті полиция қызметінің жұмыс тиімділігін арттыру» тақырыбында семинар-кеңес өткізді. Кеңестің ашылуына облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов пен облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов қатысты.

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев сервистік полиция құру арқылы полиция жұмысы мен қызметін түбегейлі жаңарту қарастырылып отырғанын атап өтті. Әсіресе, полицияның тұрғындармен жұмыс істеуде заманауи форматтардың, жаңа полиция стандарттарының енгізілуі қарастырылып отырғанына тоқталды.
– Президент құқық қорғау органдарының жұмысында терең сапалы өзгерістердің қажет екенін айтқан еді. Қоғам біздің жұмысты түбірімен жақсарғанын қалайды, халық тарапынан полицияға сенімділіктің артуы және тұрғындардың қауіпсіздігі – полиция жұмысының басты өлшемі болады, – деді Марат Қожаев.
Осы орайда, ЕҚЫҰ өкілі Коллин Маккалау қазақстандық полиция жұмысына оң бағасын беріп, құқық қорғау органдарының қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде халықпен байланысы жақсарып келе жатқанын тілге тиек етті.
Бүгінгі күні полиция қызметкерлеріне ел тыныштығы мен қоғам қауіпсіздігін қамтамсыз етуде үлкен міндеттер жүктеліп отыр. Ақмола облысының тәртіп сақшылары Мемлекет басшысының алға қойып отырған міндеттерін абыроймен атқарып қана қоймай, тұрғындармен байланысын нығайтып келеді. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов пен облыстық полиция департаментінің бастығы Берік Біләлов жан-жақты баяндады. Бұдан соң шарада жоғары жетістіктерге қол жеткізген полиция қызметінің бірақтар басшылары мен қызметкерлері марапатталды.
Екі күн бойы өтетін семинарда сервистік полиция құрудың тұжырымдамасы талқыланатын болады. Аталмыш тұжырымдама тоғыз бағытты қамтиды. Оның құрылымына құқық қорғау органдарының ғана емес, өзге де мемлекеттік органдардың қызметкерлері енеді. Олардың басты міндеті елді мекендерде әлеуметтік проблемаларды зерттеп, азаматтарға кешенді түрде көмек көрсету шараларын жүзеге асыру. Сервистік полиция құрудағы пилоттық жоба тұңғыш рет Көкшетау қаласында жүзеге асыру қолға алынғалы отыр. Бұл өз кезегінде полиция қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етіп, халықпен байланысын нығайтуға және қарапайым жұртшылықтың құқық қорғаушыларға деген сенімін арттыруға жағдай жасайды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар