Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Латын әліпбиіне көшу – заман талабы - АРҚА АЖАРЫ

Латын әліпбиіне көшу – заман талабы

Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында атап көрсетілген қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру мәселесі бүгінгі заман талабы деп есептейміз.

Latyn álіpbıіne kóshý – zaman talaby

Tuńǵysh Prezıdent N.Á.Nazarbaevtyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamalyq maqalasynda atap kórsetіlgen qazaq álіpbıіn latyn grafıkasyna kóshіrý máselesі búgіngі zaman talaby dep esepteımіz.

Елбасының «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» 2017 жылғы 26 қазанда №569 Жарлығы жарық көрді. Осы қаулыдан кейін республика көлемінде мемлекеттік органдардың, ғылыми және шығармашылық интеллигенцияның, қоғамдық бірлестіктердің, саяси партиялардың, кәсіподақ және жастар тараптарының өкілдерінің қатысуымен жиындар өткізіліп, бұл маңызды мәселе талқыға салынып, басым көпшілігі латын қарпіне көшуді дұрыс деп санады.
Әлбетте, қоғамда әртүрлі пікірдің қалыптасуы заңдылық. Біреулер латын графикасына көшудің басымдылықтарын тізбектеп, заман талабы осы десе, кейбіреулері бұл істе асығыстық жасамайық деп сақтық жолдарын қарастыруды ұсынады. Алайда, біз латын әліпбиін әлемдегі 200-ге жуық мемлекеттердің 112-сі қолданатынын ұмытпағанымыз абзал. Сонымен қатар, Қазақстанда қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы мәселе кешелі-бүгін ғана көтерілген жоқ. Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, дербес мемлекет болғалы бүгінгі күнге дейін өзекті күйінде талқыланып келеді.
Латын әліпбиіне көшу – жай әліпбиді ауыстыра салу емес, ол біз үшін өркениетті шешім. Бұл біздің әлемнің бір бөлігі болуға талпынуымызды, алға қадам жасайтынымызды растайды және бұл осыған дейін Қазақстандағы білім беру жүйесін жетілдіру туралы идеялармен байланысты болып отыр.
Алдымен бүгінгі жаһандану заманында интернет жүйесінде үстемдік ететін латын әліпбиі екендігін мойындауымыз керек. Бәріміздің электрондық поштамыз бар. Ол поштамыз кирилл, араб, немесе басқа емес, латын қарпімен жазылған. Астымыздағы көлігіміздің нөміріндегі әріптер де латын әріптерімен берілген. Куәлігіміз бен пас-
портымызда латын әліпбиі тұр. Осындай мысалдарды көптеп келтіре беруге болады.
Яғни латын әліпбиі бізге жат таңсық емес. Ол біздің қоғамға еніп, қайтадан оралып өз орнын алмақшы. Оны еліміздегі кез-келген сауатты адам белгілі дәрежеде біледі.
Қазіргі қазақ жазуында қолданылып жүрген әліпбиді латын әріптерімен ауы-
стыру мәселесіне алаңдаушылық тудырып отырғандар бар. Қалай дегенмен де, бұл болашаққа батыл қадам жасап, елімізді төрткүл дүниеге танытып келе жатқан Елбасының тағы бір маңызды бастамаларының бірі және дер кезінде қозғалған мемлекеттік тілдің болашағы үшін жасалған ғылыми маңызды шара деп түсінуіміз керек. Тәуелсіз елдің негізгі белгілерінің бірі ретінде жазудың маңызы өте зор.
Бұл – өте үлкен мәселе. Шетелде бір газетті алып, кез-келген мақаласын оқысаңыз және сол жерден бір қате табылса, оны бүкіл ел болып талқылайды, сол қатені үлкен мін етіп көрсетеді. Кириллицаны 30-шы жылдардың аяғы мен 40-шы жылдардың басында қабылдаған кезінде еліміз өте қиын жағдайда болғанын да ұмыта алмаймыз.
Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық орта ның, ком муникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасыр дағы ғылы ми және білім беру үрдісінің ерекше лік теріне байланысты, – заман талабы десем қателеспеймін.
Осыған орай, «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы филиалының Ақмола облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұжымы жоғарыда аталған барлық іс-шараларды жүйелі жүзеге асыруға барынша атсалысуға дайын. Латын қарпін танып, оқып үйренемін деушілерге білім беретін оқытушылар арнайы курстардан өтті. Олар да жаңа бағдарламаның іске асырылуына зор үлес қосып, тың серпінмен жұмыс бастауға әзір.

Нина СТУКАЛЕНКО,
«Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы филиалының Ақмола облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар