«Жаңа әліпби – жаңа қадам»

Латын графикасына көшу жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында Көкшетау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен

«Бірлік», «Застанционный», «Жайлау» шағын аудандарында «Жаңа әліпби – жаңа қадам» деген тақырыппен танымдық акция болып өтті.

Аталмыш іс-шара барысында жаңа әліпби негізінде жазу дағдысын қалыптастыруға арналған бірнеше кезеңнен тұратын «Кім шапшаң?», «Көкпар» ойындары ұйымдастырылды Қала тұрғындары жаңа латын әліпбиінде жазуға машықтанып, латын әліпбиін қолдайтындығын және осы қадам еліміздің барлық салада дамуына үлкен үлес қосатындығы жайлы өз ойларын ортаға салды.
Акция соңында барлық қатысушыларға тақырыптық күнтізбеліктер мен тәтті сыйлықтар таратылды. Осы орайда, аталмыш іс-шараны өткізу үшін қаржылай қолдау көрсеткен «Гормолзавод» ЖШС-нің ұжымына алғысымызды білдіреміз.
Назгүл БӘКІРОВА,
Көкшетау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы.

Суретте: іс-шарадан көрініс.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар