Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні - АРҚА АЖАРЫ

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!
Сіздердің баршаңызды мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Осыдан 24 жыл бұрын бүкілхалықтық референдумда қабылданған Ата Заңымыз мықты тәуелсіз мемлекет құрудың берік іргетасына айналды. Осы жылдар ішінде Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың терең ойластырылған бағытының, Қазақстан халқының тығыз топтасуы мен жанқиярлық еңбегінің арқасында біздің елімізде ұлан-ғайыр әлеуметтік-экономикалық және саяси қайта құрулар табысты жүргізілді.
Бүгінгі таңда біздің алдымызға азаматтардың әл-ауқаты мен тұрмысын одан әрі арттыруға бағытталған кең көлемді мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөнінде маңызды міндеттер қойылып отыр. Осы бір тамаша мереке Сіздердің Отан игілігі жолындағы игі қадамдарыңызға жаңа серпін берсін. Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, еңбекте табыс, бейбітшілік және бар жақсылықты тілеймін.

 

Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді еліміздің ұлық мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!
Өткен жылдар ішінде қазақстандықтар республикамыздың экономикасын және әлеуметтік саласын нығайтуда, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және халықтың әл-ауқатын арттыруда жақсы жетістіктерге жетіп, бүгінгі күні белсенді жұмыс атқарылып келе жатқан тұрақты іргетасты қалады.
Конституцияда айқындалған азаматтардың құқықтары қорғала отырып, біздің елімізде мемлекеттілікті нығайтуда, экономиканың өсуіне және қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуда, мемлекеттің халықаралық беделін арттыруда көп жұмыстар жасалды.
Мемлекетіміз қол жеткізген табыстарында ақмолалықтардың да үлесі зор. Облысымызда экономика дамып, әлеуметтік проблемалар оң шешімдерін тауып, сол арқылы ішкі саяси тұрақтылық нығайып келеді. Осындай салтанатты мереке күні баршаңызға денсаулық, бақыт, бейбітшілік және бірлік, біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасына одан әрі гүлдене беруді шын жүректен тілеймін!
Әлібек БАЙМАҒАМБЕТОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

 

Жарқын болашағымыздың бағдары

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Дүбірге толы дүние екі ғасыр тоғысында елімізге түбірлі өзгерістер әкелді. Бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған азаттықтың ақ таңы атып, егемен ел болдық. Тыңнан түрен салып, демократиялық даму жолына түстік. Іркілістері де аз болмаған ізденісі мол жылдарды бастан өткердік. Бұл жылдардың жемісті де, жеңісті болғаны ақиқат. Ең бастысы, біз мемлекеттігімізді орнықтыру мен қоғамның тыныс-тіршілігін, бағыт-бағдарын айқындап берген өз Ата Заңымызды – Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдадық.
Қазақ тарихында әу бастан-ақ дала өркениетіне сай белгіленген заң ережелері болған. Соның ұшар басында «Есімханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», Әз Тәукенің «Жеті жарғысы» сияқты заңдар, дау-дамайды бір ауыз кесімді сөз, кесекті шешімімен реттеп отырған билер институты болған. Көне ғасырдан қалған осы заңдар бүгінгі демократиялық принциптегі Конституциямыздың негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіз мемлекет ретіндегі 1993 жылғы қабылдаған тұңғыш Конституциясының тарихи маңызы болғандығымен, республика қызметінің түбегейлі принциптері айқындалмаған болатын. Сондықтан да, Конституцияның кемшін тұстарын толықтырып, негізгі принциптерді айқын да анық етіп белгілеу мақсатында Тұңғыш Президентіміздің бастамасымен 1995 жылдың 30 тамызында әбден сарапталып, сұрыпталған Ата Заңымыз Конституцияны бүкілхалықтық референдумда қабылдадық. Бүгінге дейін ел игілігіне мүлтіксіз қызмет етіп келе жатқан Конституцияны тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қол жеткізген ең үлкен жетістігіміз деп бағаласақ, артық айтқандық емес.
Ата Заңымыз – Конституция тәуелсіздігімізді нығайтып, тұрмысымызды жақсартып, жарқын болашағымызға жағдай жасап, елімізді айдай әлемге танытып отыр. Мемлекетіміздің әрбір азаматының парызы мен міндеті – Ата Заңымызда көрсетілген қағидаларды бұзбай, конституциялық құндылықтарды қорғау! Себебі, Ата Заң – қоғамдағы әлеуметтік теңдік пен ұлттар арасындағы татулықты орнықтырудағы, саяси-экономикалық тұрақтылықты нығайтудағы және дамудың демократиялық жолына батыл түскен Қазақстанның өркениетке қарай қарыштай қадам басуының алғы шарттарын жасап берген жасампаз да өміршең құжат.
Халықтың қалауымен, белсене атсалысуымен қабылданған бұл құжат өзінің нормалары мен принциптерінің көмегімен ғана емес, бекітілген идеялары арқылы да қоғам мен мемлекетті дамыған озық елдердің қатарына жетелейді. Сонымен қатар, елімізді мекендеген ұлттар мен ұлыстардың ұдайы бірлікте болып, берекелі өмір сүруіне зор ықпал етіп отыр. Осы бір мемлекеттік маңызы бар мереке қарсаңында баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, Отанымыздың одан әрі гүлденуі мен дамуы жолында үлкен табыстар тілеймін! Ата Заңды ардақтаған өнегелі еліміз өркендей берсін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Конституциямыз ғұмырлы, елдігіміз мәңгілік болсын!

Досжан Әміров,
Ақмола облыстық сотының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар