Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Басты міндеттер белгіленді - АРҚА АЖАРЫ

Басты міндеттер белгіленді

Санаулы күндерден кейін жаңа серпіліс, жаңа талаптары анықталған жаңа оқу жылы басталады. «Әр iстiң өз iргетасы бар» дегендей, әр жаңа оқу жылының өз жоспар-жобасы болуы заңдылық. Осыған орай «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Білім және ғылым» тақырыбында жыл сайын дәстүрге айналған тамыз кеңесі өтті.

Тамыз кеңесіне «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының Бас директоры М.Төлепбай, Қапшағай, Түркістан, Балқаш қалаларындағя филиалдардың өкілдері, директордың орынбасарлары, әдістемелік бөлімдердің жетекшілері, әдіскерлер, білім кешені, тәрбие кешені, дене шынықтыру-туризм кешені жетекшілері, психологтар, қосымша білім мамандары мен педагог қызметкерлер қатысты.
Тамыз кеңесінің пленарлық мәжілісі барысында Бас директордың «Білім жүйесінің жаңа оқу жылына арналған стратегиялық бағыттары» тақырыбында баяндамасы тыңдалды. Ол конференция қатысушыларын жаңа оқу жылымен құттықтап, ұжым қызметкерлеріне бейбітшілік пен келісім, мықты денсаулық және еңбекте табысты шығармашылық тіледі. Сондай-ақ, тамыз-қорытынды шығару уақыты, ойлау уақыты, педагогикалық ұжым өміріндегі жаңа кезеңге, жаңа педагогикалық идеяларға, жаңа шығармашылық ізденіске алғашқы белгі екенін айта отырып, өткен жыл үшін жұмыстың қорытындысын шығарып, мәселелер мен оларды шешу жолдарын анықтап, ұжыммен алдағы жылға атқарылар межелі істерді белгілеп берді.
Пленарлық мәжіліс барысында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру оратылығы директорының орынбасары Ж.Әмірғалиев, «Балдәурен-Түркістан», «Балдәурен-Қапшағай», «Балдәурен-Балқаш» филиалдарының директорлары Б.Баржақсымов, Р.Құлмағамбетов, О.Абдуллаев есеп берді.
Сондай-ақ, аталмыш орталықтың ғылыми-әдістемелік бөлімінің жетекшісі А.Мұхамеджанованың Нұр-Сұлтан қаласында өткен тамыз-2019 конференциясы бойынша баяндамасы тыңдалды. Ол Білім және тәрбие беру ісінде нәтижелі еңбектің үлгісін көрсетіп, облыс, республика, халықаралық көлеміндегі іс-шараларда жүлделі орындардан көрінген педагог қызметкерлердің есімдерін жиналған қауымға паш етіп, 2018-2019 оқу жылындағы қол жеткізген табыстарға тоқталып, сондай-ақ, келешекте түзетуді қажет ететін олқылықтарды айтуды да ұмытпады. Конференция соңында Бас директор педагог қызметкерлердің алдында тұрған маңызды міндеттерді, орталықта атқарылуға тиісті шараларды нақтылап, ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда зиялы педагог қауымының үлесі зор екенін айтты. Тамыз кеңесінің ұсыныстары мен міндеттері қабылданып, орталыққа келген педагог қызметкерлер секциялық отырыстарға қатысты.
Айнұр ЕРДЕНОВА,
«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар