Балаға қатысты қылмыс жазасы күшейтілетіндегі жөн болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын облыс орталығындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы көп тілде оқытатын

№3 кәсіби мектеп-гимназиясының ұстаздар қауымы да ұжым болып тыңдап, саяси құжатта алға қойылып отырған міндеттерді іске асыруға бір кісідей ат салысатындықтарын жеткізді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылған маңызды шараға мектеп директоры Рабиға Әбілхамитова, ұстаздар қауымы бір кісідей қатысты. Жолдау барысында Президенттің ішкі саяси мәселелерге, сонымен қатар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экономиканы жаңғырту, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселелеріне баса назар аударғаны білім ошағының ұжымын да бей-жай қалдырмады. Мектепте Жолдаудың әр бағытын іске асыру бойынша тиісті шаралар қолға алынатыны жиында кеңінен айтылды.
Осы орайда, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұржамал Өмірбекқызының айтуынша, Президенттің халыққа арнаған Жолдауында бүгінгі таңда қарапайым жұртшылықты толғандырып отырған мәселелердің барлығы дерлік қамтылған.
–Тіл жанашыры болғаннан кейін, маған Мемлекет басшысының қазақ халқы мен қазақ тілінің мәртебесі туралы айтқан ойлары ерекше әсер етті. Шынымен де, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналуы үшін бәріміз жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек. Тіл үлкен саяси құрал екенін ұмытпауымыз қажет, – дей келе, ұлағатты ұстаз мектепте оқушылармен тәрбие жұмыстары сегіз бағыт бойынша жүргізілетінін, азаматтылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында білім ошағында «Адал ұрпақ» еріктілер клубы жұмыс істейтінін айта келе, ендігі ретте осы жұмыстардың барлығы тағы бір сараланып, Жолдау аясында жалғасын табатынын жеткізді.
Ал, аталмыш мектептің информатика пәнінің мұғалімі Алмаз Айдарұлы қоғамды жайлаған заң бұзушылық, әсіресе ауыр қылмыстардың белең алуы адамдардың адамгершілік қасиеттерінің жоғалып бара жатқанының айқын көрінісі деп есептейді. Сол себепті, бала жанының бағбаны ретінде ұстаздар қауымы ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән беріп, жастардың санасына адамгершілік қасиеттерді сіңіруі қажет. Президенттің зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тасымалдау, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және жеке адамға, әсіресе, балаларға қатысты басқа да ауыр қылмыстар үшін жазаны күшейту туралы мәселе көтеріп, тиісті ведомстволарға тапсырма бергенін ұстаздар қауымы да құптап отыр.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар