Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мұғалім мамандығын тандауға құлшындырады - АРҚА АЖАРЫ

Мұғалім мамандығын тандауға құлшындырады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог –

Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің оқытушы-профессорлары мен студент жастары да ерекше ықыласпен тыңдап, қызу қуаттады.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры, экономика ғылымдарының кандидаты Марат Сырлыбаев:

– Жолдауда келешектің келелі міндеттері сараланып көрсетілген. Біздің ұжым Жолдаудан туындайтын міндеттерді орындау үшін, ортақ мүдде, ортақ мақсат жолында күш жұмылдыруға дайын.

 

– Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын университет ұжымы теледидар арқылы тамашалап, жүктеген міндеттерін, тапсырмаларын мұқият тыңдадық. Болашаққа бағдар болатын маңызды құжатта әлеуметтік қамту саласын жаңғырту, сондай-ақ өңірлердің әлеуетін нығайтуға бағытталған бірқатар бастамалар ұсынылды. Сонымен қатар, кадрлар даярлау мәселесіне, олардың жұмыспен қамтамасыз етілуіне ерекше ден қойылғандығын айта кету қажет. Мұғалімдердің жалақыларын арттыру мәселесі де айтылды. Бұл дегеніңіз, келешекте мұғалім мамандығына түсуге талпыныс танытатын талапкерлердің саны артады, – деді университет ректоры Марат Сырлыбаев.
Біздің университет – өзінің қалыптасқан салт-дәстүрлері, болашаққа деген маңызды жоспарлары бар, әлеуеті зор, заманауи, қарқынды дамушы жоғары оқу орны. Университеттің көп деңгейлі құрылымына бакалавриат (65 мамандық), магистратура (30 мамандық), РһD докторантура енеді. 2018 жылы университет жаратылыстану және гуманитарлық бағыттағы бакалавриаттың 13 мамандығы, сондай-ақ, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша лицензия алды. Бүгінде университете жалпы 6 мыңнан астам студент білім алуда. Сонымен қатар, «Серпін» бағдарламасы бойынша бір мыңнан астам студент оқып жатыр. Университетте 10 мамандық бойынша кадрлар даярлығын жүзеге асыратын көпсалалы колледж жұмыс істейді.
Ел Президенті келер жылды еріктілер жылы деп белгілеп отыр. Біздің университетте жүзге жуық еріктілер қатарындағы жастар бар. Ордалы оқу орнын тәмамдаған түлектердің барлығы дерлік жұмыспен қамтамасыз етіліп отырады. Біздің университет – Қазақстан Республикасындағы алдыңғы қатарлы, оқу нарығында беделді орны бар оқу орындарының бірі. Университет әлемдік білім стандартына сай, жоғары білікті мамандар даярлайды. Ендігі міндет – барлық күш-жігерді Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді іске асыруға жұмылдыру болса керек. Көңілден шыққан кемел істер, кемел ойлар баршамызды осы асыл мұраттарға жетелейді.
–Бұл ретте, Президенттің Жолдауын зор қуанышпен қабылдаған студенттердің бірі – Роза Қайырбекова. Ол университтетің 3 курсында оқиды.
– Жолдау жастарға тың серпін бергені, Президент сөзінің маңыздылығын барша қазақ елі сезінгені рас. Көгілдір экран арқылы көріп отырған халық үшін айтылған оң мәселелер жақсы жаңалық болғаны анық. Әсіресе, жастар үшін келер 2020 жылды «Еріктілер жылы деп жариялауды ұсынамын» дегені зор қуаныш деп есептеймін. Мен университет қабырғасынан келген күннен бастап еріктілер қатарындамын. Біз жалғызілікті қарттарға қол ұшын беруді, жалпы, қайырымдылық шараларына қатысуды азаматтық борышымыз деп білеміз. Алдағы уақытта да Ел Президентінің жастарға жүктеген зор сенімін ақтап, еліміздің өркендеп өсуіне сүбелі үлес қосуға тырасатын боламыз, –дейді Роза.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар