Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Тыныстықтар» толық қолдайды - АРҚА АЖАРЫ

«Тыныстықтар» толық қолдайды

«Тыныс» акционерлік қоғамының салтанат залында кісі қарасы көп көрінді. Сахна төріне орнатылған үлкен интерактивті экран іске қосылғанша

жиналғандар арасында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұңғыш Жолдауына қатысты өзара пікір алмасулары да жүріп жатты. Жылдың басты құжаты жарияланатынынан бұдан бірнеше апта бұрын хабардар болған жұмысшылар болашақ туралы жақсы ойларының нықтала түсуіне үмітті екендігі де аңғарылып тұрды.

Мемлекет басшысы өз Жолдауы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» аталатынын жариялағанда зал іші бір желпініп қалды. Мұны басты құжатты ұжымдық қолдау деп түсіндік. Өйткені, мемлекет қоғам үшін, өз азаматтарының тұромыс жағдайы мен көңіл хошы көтеріңкі болуы үшін қызмет етеді. Бұл қызмет қоғаммен тығыз байланыста табысты болмақ.
Президенттің: «Қазіргі таңда тарихи кезеңді бастан өткеріп отырмыз. Жоғары билік заңды және бейбіт жолмен ауысты. Бүкіл әлем қоғамдастығы осы оқиғаны түсіністікпен және құрметпен қабылдады.
Мемлекет басшысы ретінде мен өзімнің міндетімді және жауапкершілігімді терeң сезінемін. Халықтың көңіл-күйін жақсы білемін»,-деп мәлімдеуі осы пікірлермен өзектес және сенім қуаты зор екендігі анық.
Телетрансляциядан кейін «Тыныс» АҚ өндірістік бөлімінің басшысы Петр Пищурмен тілдескенімізде ол Президент Жолдауында қарқынды дамыған және инкюзивті экономика туралы нақты тапсырмалар қойылғандығына көңілі толатындығын атап өтті.
-Мен Қасым-Жомарт Кемелұлының «Егер қажетті құрылымдық өзгерістерді жүзеге асырсақ, 2025 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы тұрақты өсімін 5 пайызға және одан да жоғары деңгейге жеткізуге болады» деген тұжырымын толық қолдаймын,-деді өндіріс басшысы. Сондай-ақ, еңбек өнімділігінің нақты өсімін 1,7 есеге арттыру міндеті де өрйндалатынына сенемін. Өйткені, Қазақстанның қазіргі өнеркәсібі жаңа әрі инновациялық технологиямен жабдықталған, сауатты кадо құрамы да жасақталуда. Мәселе, өндірлген өнімнің сапасын үнемі көтеруде деп ойлаймын. Бұған біздің зауытымыздың табыстары дәлел бола алады. «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығына ие болған кәсіпорнымыз қазіргі кезде жоспарлаудың нәтижелілігін, ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыратын, ұйымның жалпы бизнес-мақсаттарына қол жеткізуде синергетикалық әсер ететін ISO 9001:2015, ISO 50001:2011, СТРК ISO 9001-2016 сапа менеджменті жүйесі енгізілді және жұмыс жасауда. Мұның тиісті қайтарымын отандық және шетелдік әріптестеріміздің жуырда өткізілген 60 жылдық салтанатымызда сансыз құттықтаулар жолдауымен дәлеледей аламыз. Жолдау міндеттерімен қуаттанған ұжым қазақстандық озық марканы абырой тұғырынан түсірмейді деген сенімдемін.
Зауыттағы №1 цех басшысы Нұржан Сейсенбаев Осымен орайлас ойын былайша сабақтады: «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2018 жылы «Тыныс» АҚ жұмыстың негізгі принциптерін өзгертетін, операциялардың көпшілігін автоматтандыратын «Кәсіпорынды цифрландыру» жобасы енгізілді. Жобаны әзірлеу және іске асыру екі кезеңде көзделген. 2019 жылдың басында «Кәсіпорынды цифрландыру» жобасының бірінші кезеңі сәтті жүзеге асырылды, оның шеңберінде барлық технологиялық процестердің сызбалары мен маршруттық карталары цифрландырылды. Екінші кезеңде өндірісті басқаруды автоматтандыру жүйесін іске қосу жоспарлануда. Бұл қадам кәсіпорында тапсырыстарды жоспарлау мен басқаруды жетілдіреді, нақты уақыт режимінде өндірістік үдерістерге мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Өндірісті цифрландыру кәсіпорындағы шығындарды қысқартуға, жабдықтарға жүктемені оңтайландыруға және өндірістегі ақау пайызын қысқартуға мүмкіндік береді.
-№2 цехтың жұмысшысы Абзал Ержанов Жолдаудың әлеуметтік бағытқа басымдық беретініне назар аударып, алдағы жоспарлардың міндетті түрде жүзеге асырылатын өз зауытындағы игі істермен дәлеледеді. Оның айтуынша, зауытта 700 адам жұмыс істейді және олардың барлығы кәсіподақ мүшелері болып табылады. «Бүгінгі таңда «Тыныс» АҚ өзін тек облыста ғана емес, республикада да жоғары әлеуметтік жауапкершілік кәсіпорны ретінде көрсете білді. Орташа айлық жалақы 180 мың теңгені құрайды. Барлық өндірістік учаскелерде алғашқы көмек көрсету үшін медициналық дәрі қобдишалары жабдықталған, денсаулық сақтау пункті жұмыс істейді. 2018 жылы кәсіпорынның әлеуметтік пакеті 390 миллион теңгені құрапты.
Біз Абзалдың бұл сөздерді Президенттің «Үкіметтің әлеуметтік және экономикалық саясатқа жауапты құрылымдары қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес алдын-ала нақты жұмыс жүргізуі қажет. Бұл үшін бақылау, талдау және болжау жүйесін неғұрлым күшейту керек… Еліміздің әрбір тұрғыны оң өзгерісті сезінуі тиіс»,-деген сөздерінен өрбітіп айтқанын аңғардық.
Бақберген Амалбеков,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар