Бірінші қыркүйектен бастап жол полициясы қызметкерлеріне жол көліктерінің қозғалысын реттеуде қолданылып келген алатаяқтары қайтарылатын болды. Еске сала кетейік, көше қозғалысын реттеуге қатысты көп жылдардан бері қолданылып келген алатаяқ алынып тасталған болатын.
Жаңа оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мектеп оқушылары «Кәсіпкерлік пен бизнес негіздері» атты жаңа пәнді оқи бастайды.
Қыркүйектен бастап Президенттің кадрлық резервіне өтініш қабылдайтын портал жұмыс істей бастайды. Резервке жоғары білімі, 5 жылдан кем емес мемлекеттік қызмет өтілі бар 35 жастан асқан Қазақстан Республикасының азаматы алынады.
Қыркүйек айынан бастап жоғары оқу орындарының студенттері мен арнайы орта білім беретін оқу орындарының оқушыларының шәкіртақылары 30 пайызға дейін өседі.
Қыркүйек айынан екінші деңгейлі банктердегі депозит салымының өсім пайызы көбейеді. Ендігі уақытта инфляция деңгейі есепке алынып, депозит пайызы соған байланысты ай сайын өсіп отыратын болады.
1 қыркүйектен бастап мемлекеттік сатып алу Ережесі өзгереді. Енді тапсырыс беруші үшін жаңа қосымша қызметі іске қосылды. Одан жабдықтаушы квалификациялық талаптар тізбесін таба алады.